1879 жылы Тор ғай облысында алғашқы екi сыныптық орыс-қазақ
мектебi пайда болды.
1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында
қазақтар ға арналған мұғалiмдер мектебi тұңғыш рет ашылды. Ол мектептiң
ашылуына Ыбырай Алтынсариннiң қосқан үлесi орасан зор болды.
1885 жылдан бастап барлық уездерде ауылшаруа-
шылық мектеп терi ашылды. Олар қазақ өлкесiнде
бiлiм және қолөнер түрлерiн да мытуға бағыт ұстады.
Барлық жерде бiрдей болыстық орыс мектептерi
пайда бола бастады. Торғай, Ақтөбе, Қостанай және
басқа қалаларда қыз балалар ға арналған баста уыш мек-
тептер ашылды.
1892 жылдан бастап қазақ балалары
үшiн ауылдық көшпелi мектеп тер ұйымдастырылды.
ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап
Омбы, Семей, Орал, Ақ мола қалалары халыққа бiлiм беру орталықтарына айнал-
ды. Қазақстандағы орыс тiлдi халықтың арасында сауатсыздардың пайызы
тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсеттi.
Атап айт қанда, халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты деуге болатын едi.
Орысша сауат ашқан қазақтың пайызы бұдан да төмен болды. Ал
мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны өте көп едi.
Бiрақ олардың қанша пайызының сауатты екенi халық санағын өткiзу
кезiнде есепке алынбады.
Ресей империясы қазақтың орта және жоғары бiлiм алуына жол бер-
меуге тырысты. Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын олардың ұлттық
сана-сезiмi тезiрек оянады деп қауiптендi. ХIХ ға сырда ауылшаруашылық
анықта! Қазіргі қазақстан-
дықтардың сауат-
тылық деңгейі қан-
дай? Салыстырып
көр.
171
және фельд шер лiк мектептер ашыла бастады. Олар орта бiлiмдi дәрiгер
мамандарын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бiрде-бiр жоғары оқу
орны ашылған жоқ.