Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет24/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

райымбек  Хангелдiұлы
  (1705  –  өлген  жылы  белгiсiз)  –  Ұлы  жүздiң  албан 
руы нан  шыққан  белгiлi  батыр,  жоңғарларға  қарсы  азаттық  күрестi  ұйым-
дастырушылардың бiрi.
Есет Көкiұлы
 (1667–1749) – Кiшi жүзден шыққан батыр, әскербасы. Қал мақ тарға  
қарсы азаттық күрестi ұйым дас ты рушылардың бiрi.
«Баянауыл тауындағы Жасыбай және Торайғыр көлдерi жатқан екi үлкен 
шатқалды  сай  ең  көркем  таңдаулы  жерлер  деп  саналады...  Бiр  таудың  
басындағы көлдiң жанына Жасыбай батыр жерленген екен. Әлгi көл соның аты-
мен аталып кетiптi... Қазақтар қалмақтарды Баянауыл аймағынан  ығыстырған 
сол бiр алыс жылдарда Жасыбай сонда тұрыпты. Ол жағалас қан жауына есесiн 
жiбермеген, кегiн алмай қой ма ған белгiлi батыр болып ты. Бiр күнi Жасыбайға 
қазақ  жасақ тарының  қолбасшысы  Олжабай  батыр   шағын  ғана  жасақ  алып, 
мыңдаған қалың қалмақты қарсы алдынан тосқауыл қойып, тау iшiнен шығармай, 
қамап ұстау туралы бұйрық берiп тi. Сұрапыл соғыс басталып кетiптi. Онда Жа-
сыбай  ғажайып  ерлiктiң  үл гi сiн  көрсетiптi.  Қалмақ  ханы  оны  өлiмшi  етiп 
жаралағанға дейiн қайт пай соғысыпты... Қазақтардың азғана тобы ендi қайтемiз 
деп  сескене  бас тағанда  Олжабайдың  қалың  қолы  келiп  жетiптi  де  тау  iшi 
қалмақтардың  жандарына сауға сұрап, күңiренген даусының жаңғырығына толып 
кетiптi...»
Коншин Н
. Қазақ этнографиясы бойынша еңбектер (қайта басылымы). – Пав-
лодар. «ЭКО» ҒӨФ. 2005, 42–43, 310-беттер.
1. Бұл құжатта Қазақстанның қай аймағының батырлары туралы сөз болады? 
2. Қазақтар мен жоңғарлардың Баянауыл тауының iшiндегi шайқасы немен 
аяқталды?
*


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет