9
5.3.Серіктестік міндетті:
1)Қарыз алушыға Шағын кредитті алуға, оған қызмет
көрсетуге және өтеуге (қайтаруға) байланысты
төлемдер туралы толық және шынайы ақпарат
беруге;
2)Қарыз алушыны Шағын кредит алуға байланысты
оның құқықтары және міндеттері туралы
ақпараттандыруға;
3)Шағын кредит беру құпиясын сақтауға;
4)Микроқаржылық ұйымға шағын кредиттің сомасын
мерзімінен бұрын толығымен неме жартылай
қайтарып берген жеке тұлға болған қарыз алушыға
шағын кредитті мерзімінен бұрын қайтарып бергені
үшін айыппұл санкцияларын қолданбауға;
5)Шарт бойынша шағын қаржы ұйымының талап ету
құқықтарын көшіру шарттарын құрайтын шартты
жасау кезінде үшінші тұлғаға шағын кредитті беру
туралы (бұдан әрі талап ету құқығына жол беру
шарты) Қарыз алушыға (немесе оның уәкілетті
өкіліне) хабарлау:
- талап ету құқықтарын беру шартын жасағанға дейін
үшінші тұлғаларға құқықтарды (талаптарды) көшіру
мүмкіндігі туралы, сондай-ақ, шартта қаралған
немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына
қайшы келмейтін тәсілмен осындай жол беруге
байланысты қарыз алушының жеке деректерін өңдеу
туралы
- үшінші тұлғаға шағын кредитті төлеу бойынша
кейінгі әрекеттерінің тағайындамаларын (шарт
бойынша құқық (талап) өткен тұлғаның атауы мен
орналасқан жері), берілген құқықтардың
(талаптардың) толық көлемін, сондай-ақ, негізгі
қарыздың, сыйақылардың, комиссиялардың,
тұрақсыздық ақыларының (айыппұлдың,
өсімақылардың) мерзімі өтіп кеткен және ағымдағы
сомаларын және төленуге жататын басқа сомалардың
қалдықтарын көрсетумен талап ету құқықтарына жол
беру шартын жасау күнінен бастап отыз күнтізбелік
кұндер ағымында шартта қаралған немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін
тәсілмен үшінші тұлғаға құқықты (талаптарды)
көшіру туралы;
6) қарыз алушы шағын қаржы ұйымына алынатын
қызметтер бойынша даулы жағдайлар туындаған
кезде жазбаша өтініш жасаған жағдайда, жазбаша
нысанда жауап беруге;
7) тараптар қол қойған микрокредитті өтеу кестесін
шартқа қосымша туралы мынандай талапты сақтауға
міндетті;
8) Қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің
сомасын (өлшемін) өзгертуге алып келетін шағын
кредиттің шарттарын және (немесе) оларды төлеу
мерзімдерін өзгерту кезінде микроқаржылық
ұйыммен жаңа шарттарды есепке алумен шағын
кредитті өтеудің жаңа кестесі жасалады және
беріледі;
9) Қарыз алушының сұранымы бойынша оған үш күн
ішінде Серіктестіктің сайтына тіркелу кезінде
көрсетілген электрондық мекен-жайға электрондық
тәсілмен микрокредиттің берілгенін растайтын
электрондық құжаттарды жөнелту және (немесе) алу
туралы растауды беру.
Достарыңызбен бөлісу: |