Тау жыныстарының радиоактивтілігі. Тау жыныстарының және руданың радиоактивтілігі мейлінше көп болған сайын оның құрамында уран, торий, калий-40 табиғи радиоактивті элементтер концентрациясы көп болғаны. Жыныстарды құраушы минералдардың радиоактивтілігі бойынша 4-топқа бөлінеді. Радиоактивтілігі жоғары болып уран, торий минералдары, сонымен бірге уран мен торий құрамында шашыранқы түрде кездесетін минералдар белгіленеді. Ең жоғарғы радиоактивтілік құрамында калий 40 кездесетін минералдарға тән (дала шпаты, калий тұзы). Орта радиоактивтілік магнетит, лимонит, сульфид сияқты минералдарға тән.
Тау жыныстарының радиоактивтілігі ең бірінші жыныстарды құраушы минералдар радиоактивтілігімен анықталады. Олардың радиоактивтілігі метоморфизм дәрежесіне және жасына, пайда болу ерекшелігіне, санды және сапалы минералдар құрамына байланысты. Тау жыныстарының және руданың радиоактивтілігі уранның пайыздық эквиваленттілігі бойынша келесі топқа бөлінеді: