Қашықтық бойынша жүгіру. Тік жолақтағы жүгіру
техникасы
мен
бұрылыстағы
жүгіру
техникасының
қашықтығында айырмашылық бар. Жақсы жүгіру техникасы
келесі негізігі белгілерге сүйенеді:
-
дененің алға қарай аздап еңкеюі (4 - 5°);
-
иық бойы босатылған;
-
жауырын аздап шығыңқы;
-
бел сәл бүгілген;
Осындай белгіде тұру- жүгірудің ең негізгі тәсілі, бұлшық
еттердің шамадан тыс салмаққа ие болуына мүмкіндік бермейді.
Жүгіру уақытында қолдар 90° бүгілген, саусақ бүгулі.
Қолдың қимылы маятниктің қимылына ұқсайды, бірақ осы
тұрғыда иықты кӛтерудің қажеті жоқ. Қолдың қимылының
бастауы: 1) алға – ішке, қол алға қарай қимылдағанда кеуде
тұсына жетеді; 2) артқа – сыртқа, қолды жан-жаққа немесе артқа
жібермеу. Негізі қолдың барлық қимылы арқылы жүгіру бағыты
айқындалады, жоғарыда айтып кеткендей қолдың қимылы жан-
жаққа немесе артқа жіберілген жағдайда дене бұрылып, уақыт
және күш жағынан ұтылып қалады. Иық сүйектерінің қимылы
жүгіру жылдамдығына байланысты. Жылдамдық жоғары болған
сайын иық қимылында