2-мәтін Ерте көктем шығысымен-ақ әкем қыс бойы көміліп жатқан жүзім бұтақтарын ашып, оны
ағаштан иіп жасалған арнайы белдеулерге асып қоятын. Бұл өте күрделі, нәзік жұмыс.
Қысымен жер астында жаткан жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып-ақ бармақтай-
бармақтай бүртік шығарып қалады. Оны абайсызда жұлып түсіруге болмайды. Әкем топырак
астында көзге көрінбей жатқан адам саусактары секілді жүзім бұтақтарының қай тұста, қалай
жатқанын алақанымен сипалап білетін. Сол себепті көктемдегі жүзім ашу ісіне өзінен басқа тірі
пендені жолатпайтын. Мұндайда әкем жүзімнің әр бұтағын қолымен сипалап, «Ә, оянып
қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой», - деп өзінен-өзі күбірлеп сөйлеп
жүретін.
Әкем үш гектардай жерді алып жатқан жеміс бағындағы алма, өрік, шабдалы, тағы басқа
мыңдаған түп ағаштардың әрбіреуінің қай жерде, қалай тұрғанын, неше жаста екенін, өткен
жылы неше бұтағы кесілгенін, қанша жеміс бергенін, биыл қайсысына күтім қажеттігін жатқа
білетін. Сол себепті ол бақты аралап жүрмей-ақ өзі көздеген жеміс ағашын бірден тауып, оның
артық бұтақтарын кесіп, құрт түскен жапырақтарына дәрі сеуіп жүретін.
3.
Автордың бағбанға қатысы қандай?
A)
Інісі
B)
Ағасы
C)
Шөбересі
D)
Баласы
E)
Немересі
4.
Бүл кімге/неге айтылған сөз?
«Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой». A)