Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың


Үшінші бөлімге сәйкес келетін атау



Pdf көрінісі
бет59/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   250
19.Үшінші бөлімге сәйкес келетін атау 
A.
 
Қалың мал - қыз жасауының 
мөлшері 
B.
 
Құда түсу рәсім 
C.
 
Байлық пен мырзалық  
D.
 
Жас шаңыраққа жәрдем  
E.
 
Келін алуға келген құдалар 
20.Көп нүктенің орнына қойылатын тиісті тіркес: 
Қыздың жасауы «
 
» мөлшерінен кем болмаған.
 
A.
 
сүт ақы 
B.
 
той малы 
C.
 
қалың мал  
D.
 
есік ашар  
E.
 
қырық жеті 
 
1448-нұсқа 
2-мәтін 
Ителгі 
Ителгі - саятшылыққа қолданылатын сұңқартектес қыран құс. Мойны ақжағал, 
қанат-шалғылары денесіне қарағанда ұзындау. Сыртқы түсі сарышұбарлау 
болып көрінеді. 
Қазақ аңыздарында ителгі - «диірмен тасын теуіп сындырыпты» деп 
дәріптелетін, аты аңызға айналған жыртқыш құс. 
Ол өзі қорек ететін құстарға көз ілеспес жылдамдықпен шүйіле келіп, теуіп 
түсіреді. Тепкісінің қаттылығы соншалықты - тепкен құсының топшысын үзіп 
жібереді. Ителгі ұшып жүрген манда ірілі-ұсақты қырандар, тіпті бүркіттің өзі 
көкке көтеріліп ұшып шықпайды. Бүркітшінің қолындағы бүркіт те түлкіге 
ұмтылмай қалады. 
Қазақстанда ителгінің 5 түрі кездеседі. Олардың реңі таралған аймағына қарай 
әртүрлі болып келеді. Бәріне ортақ белгі - сырт жоны қоңырқай сұрғылт, 
бауыры сарғылт теңбілді болады. Дене тұрқы 42-60 сантиметр, қанат құлашы 
105-130 сантиметр, салмағы 820-1100 грамм болатын біршама ірі құс. Үрғашысы 
еркегінен едәуір үлкен болады. 
Ителгі бөтен ұяларда, жарқабақ қуыстарында жұмыртқалай береді. Ағаш 
басында ұя салуы сирек. Көктем мезгілінің екінші айында үрғашысы 3-5 
жұмыртқа табады. Отыз бес күннен соң балапан шығарады. Балапандары 40-45 
күннің ішінде жетіліп, ұша бастайды. Содан кейін бір ай өткенде өз күнін өзі 
көріп кетеді. Ұсақ аң-құсты ауада да, жер бетінен де еркін аулайды. 
Қырандардың ішінде баптауға ең көндіккіші осы құс. Арқа құсбегілері ителгіге 
қоян, үйрек алдырса, Сыр бойының құсбегілері қырғауыл, құр, шіл, кекілік 
алдыратын болған. Ал араб елінің құсбегілері ителгіні көбінесе жорға дуадаққа 
салатын көрінеді. 
Ителгі бүгінде Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Үстірт қорықтары мен «Алтын-Емел» 
ұлттық бағында өсіріледі. 
XX ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстанда 3 мыңға жуық ителгінің 
ұялағаны белгілі. Бірақ 90-жылдың басында бұл құсты шетелге сату 


науқанының кең етек алуына байланысты саны күрт төмендеді. 2001 жылғы 
мәлімет бойынша, елімізде 100-150 жұп қана ұялаған. Жылдан-жылға санының 
азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» 1996 
жылы енгізілген.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет