саналған. Әсіресе жүзік арқылы түрлі этномәдени ақпараттар беріліп отырған:
топсалы жүзік сәлемдеме ретінде туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған.
Қазақ әйелдерінің киім-кешегінің сәнді кешеніне тана, моншақ, түйме, түйреуіш,
опа-далап салатын сәнді бөгіре, тағы басқа әшекей түрлері жатады. Моншақ -
мойынға тағылатын сәнді бұйым. Моншақ ұсақ, түрлі-түсті, әртүрлі пішінде
(шар тәрізді, сопақша қырлы) болады. Әйелдердің сәндік үшін киіміне тағатын
әшекейдің бір түрі - тана. Тананы сәндік үшін жағаға, бас киімге, омырауға
тағады. Алайда тана - түйме сияқты, бірақ одан үлкендеу, дөңгелек пішінді,
жалтырап тұратын әшекей.
Әрі әшекей, эрі киімнің алдын, өңірін айқастырып жабу үшін қолданылатын
әшекейдің бірі - түйме. Ертеде түйме тұмардың (тұмар тек әшекей ретінде ғана
емес, пәле-жаладан, ауру-сырқаудан, көз тиюден сақтайды деген наным-сенімге
қатысты тағылады) қызметін атқарған және әжелер омырау әшекейі ретінде де
таққан. Әйелдер үшін зергерлердің көп жасайтын әшекейлерінің бірі - үлкенді-
кішілі түймелер. Оны көбінесе ішін қуыстап, әртүрлі кескін беретін күмістен
жасайды, сыртына зер салады. Мұндай түймелерді торсылдақ түймелер деп
атайды.
Достарыңызбен бөлісу: