27
3.
«Бәсекеге қабілетті, кәсіби тұлға»
тренді – мемлекеттің стратегиялық
міндеті. Бұл тренд табысқа жетуге бағытталған жаңа көзқарасты адамдар
тәрбиелеуді болжайды. Нарықтық қарым-қатынас жағдайында – нақты саланың
кәсіпқой маманы, бәсекелесу қабілеті жоғары, қызметінің мақсатын нақты
анықтай алатын, нұсқаларды болжай алатын, неғұрлым тиімді және өнегелік
орынды жолды таңдай, кәсіби және өмірлік мансабының өсуін дамытуға әсер
ете алатын тұлға.
4.
«Жоғары ақпараттық мәдениет»
тренді – ақпараттық жаңа
технологияларды меңгерудің қазіргі кездегі деңгейі, ХХІ ғасырдың адамына
қолжетімді күрделі ақпараттық базаны өңдеу, жүйелеу, талдау, оның деректерін
моральдық-этикалық аспектіде тұлғалық және кәсіби өсу үшін қолдана білу
білігі.
5.
«Өмірлік нақты стратегия»
тренді – жеке тұлғаның дүниетанымдық
бағдарын құруға қажетті компоненттердің біртұтас және көпаспектілі
құрылымы, оған: негізгі бағдарлардың өмірлік мақсаттары, адамның өмірлік
нақты тұжырымдамаларын құруы, нақты құндылықты бағдардың болуы,
өмірлік қиындықтар мен қайшылықтарды жеңуге дайындығы, уақытша
сәтсіздіктерден сабақ алу тілегі, нәтижені дұрыс бағалау және т.б. білігі
жатады.
6.
«Жоғары құзыреттілік»
тренді – бұл трендтің мазмұнында келесі
аспектілер қамтылған: проблемалық-тәжірибелік – әр адамның жағдайды дұрыс
түсінуі, нақты бір кәсіби салада мақсат, міндеттер, нормалар қоюы және оларды
орындауы; мағынаның мазмұндылығы– тұлғаның өмірлік стратегияны
мазмұнды жүзеге асыру қабілеті, тұлғалық өсуі үшін өзінің шексіз
мүмкіндіктерін үздіксіз анықтап отыру ықыласы;аксиологиялық – тұлғаның
өзінің көзқарасы және жалпы мәнді құндылықтар тұрғысынан өмірлік
жағдаяттарды дұрыс бағалау қабілеті.
7.
«Тұлғалық өсу»
тренді – ішкі өзгерістер, өзін-өзі жетілдіру, дау-
жанжалдарды (ішкі, сыртқы) жеңіп шығу, логикалық шегі жоқ өз әлеуетін
анықтау, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру процесі [11].
Осылайша, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы білім алушылардың
тұлғалық дамуына, мектепте білім және тәрбие беруде ерекше маңыздылыққа
ие болады. Жаратылыстану, гуманитарлық бағыттағы пәндерде жоба
жеңімпаздары арқылы патриотизмге тәрбиелеу мұғалімнің жеке педагогикалық
шеберлігіне байланысты. Төмендегі кестеде берілген «Қазақстанның 100 жаңа
есімі» жобасының жеңімпаздарын оқыту процесінде пайдалануға болады.
№ 1 кесте. «
Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары.
Достарыңызбен бөлісу: