Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»



Pdf көрінісі
бет3/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
 
 



 

Мектеп 
жасындағы 
балалардың 
қазақстандық 
патриотизмін 
қалыптастырудағы «Туған жер» бағдарламасының рөлі 
 «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  әр  бағыты  қоғамдық  сананы 
жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады. 
«Жаңа  қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтыққа  тәрбиелеу,  құқықтық 
тәрбиелеу» орта білім беру ұйымдарында тәрбие берудің басым бағыттарының 
бірі.  Оның  бағалау  критерийлеріне:  Отанға,  мемлекетік  жүйе,  мемлекеттік 
саясат,  мемлекеттік  идеология,  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы 
мен заңдары, мемлекеттік рәміздері (елтаңба, ту, әнұраны), заң және тәртіпке; 
ұлтаралық  және  конфессияаралық  келісім,  елдегі  достық;  экономикалық  және 
әлеуметтік-мәдени  даму  саласындағы  өз  елінің  жетістіктері;  басқа  адамның 
құндылықтары,  құқықтары  мен  бостандықтары;  өздерінің  аймағының  (ауыл, 
қала,  маңайдағы)  табиғаты,  мәдени  және  тарихи  өмірі;  құқықтық  білім  және 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  әрекет;  заңдардың,  құқықтардың  және 
міндеттердің  талаптары;  әлеуметтік  құндылықтарға  құрметпен  қарау, 
мақтаныш пен жауапкершілік сезімін байыту жатады. 
«Туған  жер»  бағдарламасы  –  жалпыұлттық  патриотизмнің  негізі.  Білім 
беру – болашақта табыстың ең іргелі факторы. Бізге инженерлер мен дәрігерлер 
ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар 
да  ауадай  қажет.  Тарих,  саясаттану,  әлеуметтану,  философия,  психология, 
мәдениеттану,  филология  ғылымдары  бойынша  толыққанды  білім  беруге 
қажетті  барлық  жағдайды  жасауға  тиіспіз.  Білім  беру  саласында  ауқымды 
өлкетану  жұмыстарын  жүргізу,  экологияны  жақсартуға  және  елді 
мекендерді   абаттандыруға  баса  мән  беру,  жергілікті  деңгейдегі  тарихи 
ескерткіштер  мен  мәдени нысандарды қалпына  келтіру  қажет.  Туған  өлкеңнің 
тарихын білу және мақтан тұту – қажетті де, пайдалы іс.  
 «Туған  жер»  бағдарламасының  білім  алушыларға  қазақстандық 
патриотизмді    қалыптастыру  ролі  туралы  айтылғанда  алдымен  қоғамдық 
сананы жаңғырту тарихына тоқталамыз.
  
Модернизация  -  артта  қалған  елдердің  алдыңғы  қатардағы  елдердің 
деңгейіне  жетуге  бағытталған  мемлекеттік  саясаты.  Жаңғырту  негізгі 
жаңғырту және жабдықты жаңғырту болып бөлінеді. 
Қазіргі  қоғамға  ұлттық  бірегейліктің  аса  маңыздылығын,  мәдени 
контекстің,  өздігінен  даму,  өзін-өзі  тәрбиелеу  және  жоғары  кәсіпқойлық, 
құзыреттілік  пен  тәрбиелілік,  отбасы  әлеуетінің  рөлін  арттыру  негізінде 
табысты шығармашылық тұлға ретінде Қазақстан азаматтары мінез-құлқының 
жаңа 
әлеуметтік-психологиялық 
эталонын 
қажет 
етеді. 
Қазақстан 
Республикасы  қоғамдық  сананы  жаңғырту  ұстанымын  алға  қойған 
прогрессивті даму жолымен келеді.  
Білім  берудегі  серпіліс.  Халық  арасында  білім  алуға  салым  жасау 
қажеттігі  туралы  түсінік  қалыптасты,  өйткені  бұл  шығындар  инвестициялық 
сипатта. Ол салымдар өзін бірнеше есе толықтырып қайтарылады. Қарапайым 
мысал.  Мектепке  дейінгі  мекемелер  саны  1999  ж.  1,1  мыңнан  2012  ж.  7  222 



 
мыңға  дейін  өсті.  Оларда  оқитын  балалар  саны  124  мыңнан  587  мыңға  дейін 
өсті. 
Халық  спортқа  бет  бұрды.  Оның  нәтижесін  біз  2012  жылғы  Лондон 
олимпиадасындағы  олимпиадашыларымыздан  көреміз.  Алғаш  рет  Қазақстан 
әлемнің 204 елінің ішінде 12 орынға ие болды. Біздің командалық есебімізде 7 
алтын,  1  күміс  және  5  қола  медаль  болды.  Сонымен  қатар  резервтер  бар  бо-
латын. Елімізде спортпен айналысатындар саны 15 жыл ішінде шамамен 2,5 есе 
көбейді. Әрбір бесінші адам дене шынықтырумен немесе спортпен айналысады. 
Сонымен  «Қазақстан-2030»  Стратегиясының  жүзеге  асуының  нәтижесі 
қоғамдық  санадағы  өзгеріс  және  оның  белсенді  бейімделу  арнасына  қарай 
бағыт  алуында.  Қоғам  экономикасымен  қатар  саяси  реформаларымен  бірге 
өзгерді.  Осы  аталған  үдерістердің  барлығы  дерлік  бір  мезетте  жүріп  жатты. 
Нәтижесінде  стратегияның  15  жылдығында  жалпы  өтпелі  кезеңнің 
аяқталғандығы  жайлы  айтуға  болады.  Кеңестік  кезеңнен  кейінгі  транзит 
аяқталды.  Қазақстан  жаңа  мақсаттары  мен  стратегиясы  бар  қалыптасқан 
мемлекет ретінде жаңа мәртебеге ие болды [2].  
Ел алдындағы ендігі белес - ұлттық кодымызды, мәдениетіміз бен ұлттық 
бірегейлігімізді  сақтау  болып  отыр.  Бұл  үшін  елін  сүйген,  елі  сүйген  Елбасы 
алдымен  халықтың  қоныстануын  реттеуді  басты  назарға  алды.  Жаһандану 
жағдайындағы  егемен  елімізді  модернизациялау  халықты  аумақтық 
ұйымдастыруға  да  байланысты.  Өңірлерде  негізгі  халықты  біркелкі 
қоныстандырмайынша ұлттық сананы сіңіру жүргізу мүмкін емес. Қазақ халқы 
мемлекет  құраушы  негізгі  халық  болғандықтан    өңірлерде  олардың  санын 
теңестіру  уақыт  талабы.    Елбасы  ұсынған  «Серпін»  мен    «Нұрлы  көш» 
бағдарламалары  мен  «Ауыл  –  ел  бесігі»  жобасы
 
осындай  ұзақ  мерзімді 
мақсаттарды көздейді. 
Сананы  жаңғырту  барысында  Елбасы  ең  алдымен  асыл  мұраларымызды 
жүйелеп,  оларды  қалпына  келтіру,  сақтау,  одан  әрі  дамыту  мақсатында 
«Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасын  ұсынды.  Бұл  бағдарламаның 
арқасында 
жоғымызды 
түгендеп, 
асылымызды 
ардақтай 
білдік. 
Республикамыздағы  тарихи  және  мәдени  ескерткіштерге  жаңғырту  жұмысы 
жүргізілді.  
Білім  берудегі  серпіліс.  Халық  арасында  білім  алуға  салым  жасау 
қажеттігі  туралы  түсінік  қалыптасты,  өйткені  бұл  шығындар  инвестициялық 
сипатта. Ол салымдар өзін бірнеше есе толықтырып қайтарылады. Қарапайым 
мысал.  Мектепке  дейінгі  мекемелер  саны  1999  ж.  1,1  мыңнан  2012  ж.  7  222 
мыңға  дейін  өсті.  Оларда  оқитын  балалар  саны  124  мыңнан  587  мыңға  дейін 
өсті. 
Халық  спортқа  бет  бұрды.  Оның  нәтижесін  біз  2012  жылғы  Лондон 
олимпиадасындағы  олимпиадашыларымыздан  көреміз.  Алғаш  рет  Қазақстан 
әлемнің 204 елінің ішінде 12 орынға ие болды. Біздің командалық есебімізде 7 
алтын,  1  күміс  және  5  қола  медаль  болды.  Сонымен  қатар  резервтер  бар  бо-



 
латын. Елімізде спортпен айналысатындар саны 15 жыл ішінде шамамен 2,5 есе 
көбейді. Әрбір бесінші адам дене шынықтырумен немесе спортпен айналысады. 
Сонымен  «Қазақстан-2030»  Стратегиясының  жүзеге  асуының  нәтижесі 
қоғамдық  санадағы  өзгеріс  және  оның  белсенді  бейімделу  арнасына  қарай 
бағыт  алуында.  Қоғам  экономикасымен  қатар  саяси  реформаларымен  бірге 
өзгерді.  Осы  аталған  үдерістердің  барлығы  дерлік  бір  мезетте  жүріп  жатты. 
Нәтижесінде  стратегияның  15  жылдығында  жалпы  өтпелі  кезеңнің 
аяқталғандығы  жайлы  айтуға  болады.  Кеңестік  кезеңнен  кейінгі  транзит 
аяқталды.  Қазақстан  жаңа  мақсаттары  мен  стратегиясы  бар  қалыптасқан 
мемлекет ретінде жаңа мәртебеге ие болды [2].  
Ел алдындағы ендігі белес - ұлттық кодымызды, мәдениетіміз бен ұлттық 
бірегейлігімізді  сақтау  болып  отыр.  Бұл  үшін  елін  сүйген,  елі  сүйген  Елбасы 
алдымен  халықтың  қоныстануын  реттеуді  басты  назарға  алды.  Жаһандану 
жағдайындағы  егемен  елімізді  модернизациялау  халықты  аумақтық 
ұйымдастыруға  да  байланысты.  Өңірлерде  негізгі  халықты  біркелкі 
қоныстандырмайынша ұлттық сананы сіңіру жүргізу мүмкін емес. Қазақ халқы 
мемлекет  құраушы  негізгі  халық  болғандықтан    өңірлерде  олардың  санын 
теңестіру  уақыт  талабы.    Елбасы  ұсынған  «Серпін»  мен    «Нұрлы  көш» 
бағдарламалары  мен  «Ауыл  –  ел  бесігі»  жобасы
 
осындай  ұзақ  мерзімді 
мақсаттарды көздейді. 
Жүрекке  қуаныш  ұялатқан  бұл  игілікті  іс  «Туған  жер»  бағдарламасы 
арқылы  жалғасын  тауып  келеді.
 
Елбасының  2017  жылы  жарияланған 
«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласы  –  бұл  рухы 
жетілген  ұлттың  бірлігін  одан  сайын  нығайтып,  оны  материалды  деректі 
түрінде  іске  асыра  алу  мақсатында  зерттеу  және  ұйымдастырушылық 
тәжірибелік  жұмыстарды  бірдей  бастауға  мүмкіндік  беретін  қуатты  ресурс 
болып  табылады.  Ұлттық  құндылықтар  мен  адамгершілік  бағдарлар  және 
патриотизм өзара байланыса отырып, ұлттық идеяны қалыптастырады. Осыған 
байланысты  патриотизм  мемлекеттің  ұлттық  стратегиясының  бөлігі  ретінде 
қарастырылады  және    оның  негіздері  өзінің  кіші  отанына,  атамекені  –  туған 
жеріне деген махаббатқа қаланады. 
Қазақ  «Туған  жерге  туыңды  тік»  деп  бекер айтпаған.  Патриотизм  кіндік 
қаның  тамған  жеріңе,  өскен  ауылыңа,  қалаң  мен  өңіріңе,  яғни  туған  жеріңе 
деген  сүйіспеншіліктен  басталады.  Сол  себепті,  мен  «Туған  жер» 
бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, 
«Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым - әнім» атты әнді  айтқанда, «Туған 
жерін  сүйе  алмаған,  сүйе  алар  ма  туған  елін»  деп  шырқайтын  едік  қой. 
Бажайлап  қарасақ,  бұл  -  мағынасы  өте  терең  сөздер.  Бағдарлама  неге  «Туған 
жер» деп аталады? Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің 
иесі.  Туған  жер  -  әркімнің  шыр  етіп  жерге  түскен,  бауырында  еңбектеп,  қаз 
басқан  қасиетті  мекені,  талай  жанның  өмір-бақи  тұратын  өлкесі.  Оны  қайда 
жүрсе  де  жүрегінің  түбінде  әлдилеп  өтпейтін  жан  баласы  болмайды.  Туған 
жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - 
шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» [2].  



 
Елбасы  Н.  Назарбаев  «Туған  жер»  бағдарламасын  жүзеге  асырудың  үш 
бағытын атап және оның көрсеткішін, мақсат - міндетін айқындап берді.  
Бірінші бағыт, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын 
жүргізуді,  экологияны  жақсартуға  және  елді  мекендерді    абаттандыруға  баса 
мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды 
қалпына келтіруді көздейді.  
Екінші бағыт, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, 
оған  қамқорлық  жасағысы  келген  кәсіпкерлерді,  шенеуніктерді,  зиялы  қауым 
өкілдері  мен  жастарды  ұйымдастырып,  қолдау  керек.  Бұл  –  қалыпты  және 
шынайы  патриоттық  сезім,  ол  әркімде  болуы  мүмкін.  Оған  тыйым  салмай, 
керісінше, ынталандыру керек. 
Үшінші  бағыт,  жергілікті  билік  «Туған  жер»  бағдарламасын 
жинақылықпен  және  жүйелілікпен  қолға  алуға  тиіс.  Бұл  жұмысты  өз  бетімен 
жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған 
жеріне  көмек  жасаған  жандарды  қолдап-құрметтеудің  түрлі  жолдарын  табу 
керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар.  Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, 
мектептерді  компьютерлендіруге,  жергілікті  жоғары  оқу  орындарына 
демеушілік  жасауға,  музейлер  мен  галереялар  қорын  байыта  түсуге  болады.   
Қысқаша  айтқанда,  «Туған  жер»  бағдарламасы  жалпыұлттық  патриотизмнің 
нағыз өзегіне айналады» [2]. 
Бірінші бағыт бойынша ҚР білім және ғылым министрлігінің қатысуымен 
«Өлкетану» базалық жобасы әзірленді.  Жобаны жүзеге асыру орта білім беру 
ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі болып табылды. 
Өлкетанулық  жұмыстар  барысында  оқушылар  өлкенің  табиғаты  мен  тарихын 
зерттеуге,  киелі  орындар  мен  ескерткіштерді  қолмен  ұстап,  көзбен  көріп  қана 
қоймай  оны  абаттандыруға,  қорғауға,  бастапқы  қалыпқа  түсіруге, 
археологиялық  қазба  жұмыстарына  қатысуға,  туристік  жорықтар  мен 
экологиялық шараларға қатысуға мүмкіндік алды.  
Білім  алушылар  арасында  өлкетанулық  білімді  насихаттау  мен  тарату 
мәселелері 
Қазақстан 
Республикасында 
өлкетануды 
дамытудың 
Тұжырымдамалық негіздерінде көрініс тапқан.  
Бүгінде өлкетану жұмысы жаңаша мазмұнға ие. Тәрбие беру беру процесі 
өзара үндестіктегі бағыттарды жүзеге асырады: 
– білім беру үрдісінде тәрбие компоненттерін «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласында  анықталған  қоғамдық  сананы 
жаңғыртудың алты бағытына сәйкес  келтіру; 
– «Ұлы Даланың жеті қыры» тұжырымдамалық мақаласында белгіленген 
бағыттарды тәрбие жұмысында жүргізу; 
Бабаларымыздың заманында өркениетке ұмтылысы, бүгінгі балалар мен 
жасөспірімдерден сабақтастық табады. Бұл өмірімізге заманауи технологиялар 
әкелген жаңалықты меңгеруге қызығушылығынан көрінеді. 
Бүгінде  білім  алушылардың  бойында  патриотизмді  қалыптастыру  үшін 
бірқатар жұмыстар жүргізілуде: 


10 
 
– білім мазмұнының жаңартылған принциптерін ескере отырып, өлкетану 
жұмыстарының 
ғылыми-әдістемелік 
негіздерін 
және 
оқу-әдістемелік 
құралдарын әзірлеу; 
–  бастауыш,  негізгі  және жалпы орта білім  берудің  жалпы  білім беретін 
пәндері  бойынша  үлгілік  оқу  жоспараларына  өлкетану  контентінің  басым 
бөлігіне тиісті өзгерістер енгізу; 
– оқу үдерісіне өлкетану бағыты бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік 
құралдарын  енгізу  (оқу  пәні  бойынша  өлкенің  жалпы  және  өзіне  тән 
ерекшеліктерін  көрсететін  жүйелі  түрде  таңдалған  ғылыми,  әдеби  және 
көркемдік,  географиялық,  тарихи,  этномәдени  және  басқа  да  материалдар 
немесе  олардың  көріністері,  көрнекі-иллюстрациялық  материалдары  бар  оқу-
танымдық басылымдар [3]. 
Мұғалім  материалдарды  таңдауда  креативті,  бастамашыл  болып,  озық 
педагогикалық технологияларды қолдана білуі керек: 
•  ұжымдық шығармашылық жұмыс іс-әрекет технологиясы 
•  ұйымдастырушылық және белсенді ойындар (ODI) 
•  ақпарат  және  коммуникация  (сайттар  құру,  идеялар,  бейнелер, 
Интернет, медиа-кітапхана) 
• дидактикалық ойын технологиясы 
• экологиялық білім 
• кейс технологиясы 
• диалогтық технологиялар (пікірталастар, пікірталастар, пікірсайыстар). 
Ұжымдық және  шығармашылық  іс-әрекет  технологиясы  - ересектер  мен 
балалардан құралған команданың гуманизм қағидаттары бойынша қалыптасуы 
мен шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлардың, әдістердің және 
оқытудың ұйымдастырушылық формаларының жүйесі. 
Әлеуметтік  жобалау  -  бұл  жобаның  қатысушылары  үшін  практикалық 
маңызы бар нақты әлеуметтік «өнім» жасаудың ерекше түрі. 
Ақпараттық  комуникативтік  технологиясы.  Егер  білім  алушылар  мен 
компьютер 
арасында 
тығыз 
қарым-қатынас 
байқалса, 
бұндай 
оқытуды интерактивті деп  атайды.  Әдетте,  мұндай  қарым-қатынас  оқушылар 
қандай 
да 
бір 
тапсырманың 
шешімін 
табуға 
тырысқан 
кезде 
байқалады. Интерактивті  оқытудың  басты  мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет