Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»



Pdf көрінісі
бет34/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   115
Дескриптор
 Білім алушы:  
– Вена классиктерін анықтайды; 
– шығармалардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;  
– музыкалық жанрын, стилін анықтайды.  
Сабақ қорытынды бөлімі сұрақ-жауап түрінде өтеді. 
Оқушылар музыкантпен естелік суретке түседі. 
2-жоба. Пән: музыка. Сынып: 6 
Бөлім «Классикалық музыканың үздік туындылары».  
Тақырып: Симфониялық музыка  
Сабақтың түрі: Шеберлік сабағы 
Оқу мақсаты:  
Оркестрлер түрлеріндегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажырату, 
оларды топтар бойынша жіктеу  
Бағалау  критерийі.
  Білім  алушы  оркестр  түрлерін  анықтап,  музыкалық 
аспаптардың дыбысталуына қарай ажыратады, жіктейді  
Кездесу  қонағы:  Шамқон  Қажығалиев  атындағы  1-ші  Республикалық 
дирижёрлар конкурсының лауреаты – Ерлан Бақтыгерей. 
Сабақтың барысы: 
Мұғалімнің  кіріспе  сөзі:  «Қазақстанның  100  жаңа  есімі»    жобасына 
еліміздің  түкпір-түкпірінен  білімі  мен  қоғамға  сіңірген  еңбегі  және  ерекше 
қасиеттерімен дараланған азаматтар таңдалған. Соның бірі – Ерлан Бақтыгерей.   
Ерлан  Бақтыгерейдің  үздіктердің  қатарына  ілінуі  бекер  емес.  Себебі, 
сахна киелі жер. Мұнда таланты таудай, еңбегі ерен адамдардың ғана өнері өрге 


57 
 
жүзіп, биік шыңдардан көрінеді. Гастрольде әлемдік жұлдыздармен бірге өнер 
көрсетіп, талайды таң-тамаша еткізген. Енді кеш қонағына сөз кезегін беремін. 
-
 
Ұлттық өнерімізді неліктен ұмытып бара жатырмыз? 
-
 
Оркестр сахнада қалай ойнайды?  
-
 
Оркестр түрлері қандай?  
-
 
Симфониялық оркестрде аспаптар қалай  жіктеледі? 
-
 
Оркестрде қандай ұлттық аспаптар ойналады? 
-
 
Ұлттық өнерді көрсету мен ұлттық әнді шырқаудың ерекшелігі не? 
-
 
Концерт вариантында қалай шығу? Қалай отыру керек? 
-
 
Оркестрдегі дирижёрдің қызметі қандай? т.б. 
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану. 
Сұхбат барысында мектептегі жас домбырашылар үйірмесіне дирижерлік 
шеберлік  көрсетеді.  Оқушылар  орындаған  шығармаларға  баға  беріп,  жіберген 
бірқатар кемшіліктерін көрсетеді. Жеке шеберлігін көрсетеді. 
Тапсырма:  
1.  Симфониялық  оркестр  орындауындағы  аспаптарды  жіктелуіне  қарай 
топтастырып, постер қорғаңыз.  
2. Бос орынға оркестр түрлерін жазыңыз.  
Дескриптор: Білім алушы  
— симфониялық оркестр аспаптарын жіктейді;  
— топтастырып, постер түрінде қорғайды;  
— оркестр түрлерін анықтайды. 
Қорытынды бөлімінде:  
Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, естелік суретке түседі [14]. 
2.3. Мектеп музейі арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру. 
  Мұғалім  тәрбие  немесе  сынып  сағаттарында  отбасылық  жәдігерлер 
көмегімен өлкетану сабақтарын жүргізе алады. Жәдігерлердің тарихын баяндау 
үшін  ата-аналарды  да  сабаққа  құрметті  қонақ  ретінде  шақыруға  болады. 
Осылайша  өлкенің  халықтарына,  тарихи  тұлғаларына,  тұрмыс  тіршілігіне, 
әлеуметтік-мәдени өміріне шолу жасай алады. 
Мектептегі өлкетану музейінде мынадай тақырыптарды өткіземіз:   
«Туған жердің аңыздары мен әңгімелері»; 
«Аймақтың тарихи тұлғалары»; 
«Біздің айналамыздағы тарих ескерткіштері»;   
«Көрменің өзі сөйледі». 
Музейдегі  сабақ  оқушыларға  туған  жер  тарихын  біліп,  түсінуге 
көмектеседі.  
Мектеп  музейлерінің  тағы  бір  түрі  мемориалдық  музей  деп  аталады. 
Мемориалдық  музейлер  деп  –  белгілі  тұлғалардың  өмірі  мен  қызметіне 
арналған музейлерді айтамыз. Көрнекті әдеби, саяси, тарихи және т.б тұлғалар 


58 
 
атында музейлер әрбір аймақта бар. Оқулықта берілген тарихи тұлғалар туралы 
тақырыпты  өткенде  мемориалдық  музейге  апарудың  тиімділігі  зор.  Себебі 
музейде кейіпкердің өмірі мен шығармасы хронологиялық кесте түрінде жүйелі 
беріледі.  Шығармасы  бойынша  экспонаттардан  «музей  қоржыны»  әзірленеді. 
Бұл тақырыпты терең түсінуге, терең білім алуға ықпалы зор болады.  
Әдістемелік  жағынан  алғанда  музейде  қорытынды,  пысықтау,  қайталау, 
шолу  сабақ  түрлерін  өткізген  тиімді.  Төменде  Ы.Алтынсарин  атындағы 
мемориалдық музейіне әзірленген «Ы. Алтынсарин балалар әдебиетінің негізін 
салушы»  тақырыбында  сабақ  үлгісін  ұсынып  отырмыз.  Музейде  Ұлы 
ағартушының өмірі мен қызметі 4 экспозицияға бөліп берілген. 
І Өмірнама 
1.
 
Өмірнама жазбалары. 
2.
 
Өрен-жарандары. 
3.
 
Балалық шағы. 
ІІ Ағартушылық және педагогикалық қызметі 
1.
 
Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы. 
2.
 
Ы.Алтынсарин – қазақ мектептерінің негізін салушы. 
3.
 
Ы.Алтынсарин – оқулықтардың, оқу құралдарының авторы. 
4.
 
Ы.Алтынсарин шәкірттері мен ізбасарлары.  
ІІІ Ы. Алтынсаринді мәңгілік есте қалдыру  
1.
 
Ы.  Алтынсарин  атымен  аталатын  оқу  орындары  (жоғары  оқу 
орындары, колледждер, мектептер)  
2.
 
Ы. Алтынсаринге арналған музейлер мен мүйістер. 
ІV Әдебиеттер 
1.
 
Өмірі мен еңбегі туралы әдебиеттер. 
2.
 
Газет, журнал, мақалалар. 
3.
 
Диссертациялар.  
Ұлы  ағартушы  туралы  бірнеше  сабақты  мектепте  түсіндірген  соң, 
мұғалімнің  қорытынды,  нәтиже,  қайталау  сабақты  музейде  өткізгені  тиімді. 
Оқушылар  мұғалімнің  көмегімен  музей  экспозицияларымен  таныса  отырып, 
алдыңғы 
сабақта 
меңгерген 
білімдерін 
бекітеді, 
пысықтайды, 
қорытындылайды.  
Мәселен, мұғалім сабақ барысында Ы. Алтынсарин өлеңдерін пайдалану 
арқылы  оқу-білімнің  тек  ізденіспен  табылатынын  дәлелдейді.  Ол  үшін 
ыждаһат,  сабырлылық  қажет  екенін  ескертеді.  Сондай  сарыла  ізденудің 
арқасында қол жеткізген оқудың озбас, тозбас өнерге айналатынын айтады. Ал 
бұған қарсы тұратын надандықты ақын: 
Ақ-қараны танымас 
Жөн білмеген наданға 


59 
 
Қыдыр ата дарымас –деп бейнелейді. Осы жерде кідіріс жасап Қыдыр ата 
туралы айтып өтуге болады. Содан ары балаға ата-ананың арманын жеткізіп: 
Ата-енең қартайса, 
Тіреу болар бұл оқу - деп, перзенттік борышын ұқтыра сөйлейді. 
Ы.  Алтынсарин  жастарға  тек  парасатты  тәлім-тәрбие  ғана  емес  еңбек, 
білім, өнерді игеруге, оны игерген халық туралы: 
Өнер-білім бар жұрттар 
Тастан  сарай  салғызды  -  деп  сол  замандағы  технологиялық  төңкеріс 
жетістігін  тізбектей  келе  оның  бәрі  де  оқу-білімнің  арқасында  болатынын 
түсіндіреді.  Оның  табиғат  лирикалары  оқушыларға  туған  өлкесінің  табиғатын 
аялауға,  Отанына  деген  сүйіспеншілігінің  артуына  әсер  етпей  қоймайды. 
Мысалы: 
Таулардан өзен ағар сарқыраған. 
Айнадай сәуле беріп жарқыраған 
Жел соқса, ыстық түссе бір қалыпта 
Аралап таумен тасты арқыраған.  
Осындай өлеңдерге талдау жасау арқылы атаулы экспонаттардың мәнін 
ашып көрсетіп, мәдени-білім бере аламыз.  
Мұғалім  сабаққа  дайындық  барысында  оқушылармен  бірге  автор 
шығармаларынан  көріністер  әзірлейді.  Мәнерлеп  жатқа  оқуға  машықтанады. 
Оқушылар  сабақ  үстінде  сұрақ-жауап,  баяндау,  хронологиялық  кесте, 
семантикалық  карта,  венн  диаграммасы  тағы  басқа  тиімді  әдіс-тәсілдермен 
білімін бекітеді. «Таза бұлақ», «Асыл шөп», «Жаман жолдас», «Әдеп», «Бақша 
ағаштары», «Шеше мен бала» әңгімелерінің желісі бойынша шағын көріністер 
сахналайды. 
Үй тапсырмасына тұлға туралы эссе жазып келуді тапсыру оқушының өз 
әсерімен бөлісіп, еркін шығармашылық қабілетін аша түсуге көмектеседі.  
Музейдегі  сабақтан  соң  мұғалімдер  мектеп  журналына  өз пәні  бойынша 
тиісті тақырыпты жазады. Параллель сыныптарда ұқсас тақырыптар болмаса, 5 
пен 6, 6 мен 7-сыныптардың ұқсас тақырыптарын кіріктіріп алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет