Оқулық 10-сынып 1-бөлім Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А. М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова Алматы, 2019



Pdf көрінісі
бет134/186
Дата25.01.2022
өлшемі3,92 Mb.
#129800
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   186
Байланысты:
10-сынып 1-бөлім Оқулық Кәсіпкерлік және бизнес негіздері 1-2 тоқсан kz-lite (3) (1) (1)

7-тапсырма
Стартаптардың  биз нес -моделі нің  қандай 
ерекш еліктері  «Кәне,  барайық!»  жоба сы ның 
толыққанды және та быс ты компанияға айналуына 
көмектескенін топтастырып қорытынды жасаңыз.
"Ұқыпты стартап" екенін анықтау үшін "Кәне, 
барайық!" мысалын қарастырайық. "Ұқыпты старта-
перлер" келесі схема бойынша әрекет етеді: жоспар-
лайды, шешімді практикада тексерді, қорытынды 
жасайды және тестілеудің жаңа циклын бастайды. 
Бастапқы кезеңде "Кәне, барайық!" негізін қалаушы 
Бақдәулет пайдаланушылар арасында іс-шара-
ларды іздеу сервисінің қажеттілігі туралы өзінің 
гипотезасын тексерді. Оң нәтижелі жауап алып, 
бизнес хабарландыруларын жариялауға тапсырыс 
ала бастады, Содан соң Бақдәулет келесі сатыға – 
қызметкерлерді жалдауға көшті. Бұл шешімді сынай 
отырып, Бақдәулет өз жобасын басқа қалаларда 
кеңейте алды. Адал пайдаланушылардың база-
сын арттырғаннан кейін, Бақдәулет келесі: ал егер 
сервисті веб-сайтқа ауыстырса, бұл клиенттерге 
ыңғайлы және қызықты бола ма? - деген гипотеза-
ны іске асыруды мақсат етіп қойды. Қаражат салып, 
осы гипотезаны тексеріп, ол өз жобасын Ticketon.kz 
билеттерді сатып алу сервисімен біріктіруге көшті. 
Әр жолы Бақдаулет сервисті дамытудың жаңа ги-
потезасын ұсынды, оны пайдаланушылармен те-
стіледі және содан кейін ғана алға жылжыды.
Ал енді Бақдәулет басқа схема бойынша әрекет 
етті деп болжайық. Алматыда оқиғалардың аг-
регаторы идеясын ойлап тауып, ол веб-сайтты 
бірден жасап, бағдарламашыларға ақша төлеп, 
қызметкерлерді жалдап, оларға жалақы төлеп, 
Ticketon.kz-пен келісіп, бірден шешім қабылдай 
алатын еді. Осы сәтте ол көптеген қаржы, 
уақытша және жұмыс ресурстарын жұмсар еді. 
Есіңізде болсын, оның пабликасының пайда 
әкеле бастауына бір жыл қажет болды. Яғни, бір 
жыл Бақдәулет шығынмен: веб-сайт құруға және 
жұмысшыларына жалақы төлеуге қыруар ақша 
сомасын жұмсап жұмыс жасар еді. Одан бөлек, 
серіктестер алғашқы нәтижелерге риза бол-
май, жобаға көңілдері толмай, тіпті одан кетіп те 
қалуы мүмкін еді. Бұл жағдайда Бақдаулет пен 
оның қызметкерлерінің ынтасы қандай болар еді? 
"Ұқыпты стартап" идеологиясы жаңа бастаған 
кәсіпкерге өнімді жасау үшін орасан қаражат 
пен күш жұмсаудың тәуекелін болдырмауға 
көмектеседі. Нәтижесінде оны ресурстардың ең 
аз салымдарымен табысқа әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет