ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
https://vk.com/mega_education
169
A)Сұңқарға көмектесу үшін
B)Оларды жарыстыру үшін
C)Машығын еске түсіру үшін
D)Көгершінмен салыстыру үшін
E)Құстардың серіктесіп ұшуы үшін
20. Неліктен Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға
қыруар қаржы жұмсап келеді?
A)Құстардың бостандықта таралуы үшін
B)Құстардың ортаға бейімделуі үшін
C)Құстардың жасыл алқапқа тигізер пайдасы үшін
D)Құстарды табиғи жолмен тамақтандыру үшін
E)Құстарға қолайлы жағдай туғызу үшін
31-НҰСҚА
Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі
суымен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені
әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ... Біз де сүйек, еттен
жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған
емес, бірақ біздің жүрек – отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай
жандыратын от. Біздің жүрегімізде қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарық
– ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы – махаббат,
өмір тасы – халық, ел намысы – ер қолында. Біз намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес
күшіміз сонда.
1. Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не?
A)Айнабұлақ
B)Мыңбұлақ
C)Махаббат
D)Намыс
E)Жүрек
2. Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр?
A)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас
B)Ерлік пен еңбек – егіз
C)Ерлік тәрбиеден туады
D)Талапты ерге нұр жауар
E)Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі
125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі
қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз
болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте
қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның
оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім,
аязға өте төзімді жануар.
|