ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
https://vk.com/mega_education
244
Мен режиссер емеспін, негізгі мамандығым – кинодраматург. Сөйтіп басталып
кетті. Бірнеше бейнеролик түсірдім. Олардың тапсырысымен әлеуметтік жарнама
түріндегі екі фильм түсірдім. Алматыға қайтып келгеннен кейін де сценарий
жазуды тоқтатқан жоқпын. «Мұстафа Шоқайды» жаздым. «Қазақфильмнің»
президентінің орнына Анар Қашағанова келгенде Ақтан Арым Құбат деген қырғыз
режиссеріне берген «Келін» сценарийі бойынша түсіруді «Материалды өзіңнен
артық ешкім білмейді, әрі бастағаннан кейін аяғына жеткізу керек» дегенді айтып,
кино түсіру алаңына итергендей етіп шығарды. Кейбіреулер режиссерлік үшін
күресіп жүрсе, мен мәжбүрліктен қолға алдым. Сөйтіп аяқ астынан режиссер
болып шыға келдім.
Достарыңызбен бөлісу: |