ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
https://vk.com/mega_education
359
–Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – дейді.
Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта
тығылып жүретін болыпты.
Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай
кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып,
ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген
сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін
болыпты.
3. Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.
A)Ұйқышыл мысық
B)Жаңа дос
C)Тату-тәтті өмір
D)Қулығын асырған тышқан
E)Мысық пен тышқан
4. Мәтіннен мысықтың қай қасиеті байқалады?
A)Өркөкіректігі
B)Мақтаншақтығы
C)Айлакерлігі
D)Жалқаулығы
E)Батырлығы
5. Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай
A)Батылдығы
B)Шыдамдылығы
C)Шапшаңдығы
D)Тапқырлығы
E)Ептілігі
6. Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.
A)Ежелгі дұшпан ел болмас
B)Жалғыз қаздың үні шықпас
C)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас
D)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес
E)Досы көпті жау алмайды
1.Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол
себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.
2.Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның
мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы,
талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің
қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған
балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ
болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен
ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді.
Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім
таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев.
|