ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
https://vk.com/mega_education
430
2. Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды.
3. Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды.
A)Үшеуі де дұрыс
B)Біріншісі
C)Екіншісі
D)Үшіншісі
E)Үшеуі де бұрыс
19.Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы Ермек Тұрсыновтың айтқан сын
сөзіне сәйкес келеді?
A)Михнат болмай, рахат болмас.
B)Қорыққан мен қуанған бірдей.
C)Ер сыншысы – елі.
D)Көз – қорқақ, қол – батыр.
E)Жылтырдың бәрі күміс емес.
20.4-бөлімде автор кімге кино туралы ойын өзгерту керек деп кеңес береді?
A)Ақтан Арым Құбатқа
B)Тимур Бекмамбетовке
C)Нұртас Адамбаевқа
D)Американдық Стивке
E)Анар Қашағановаға
78-НҰСҚА
Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда.
Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай
алыс таулардан қоңыр салқын самал ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін.
Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай ғана болған, бұ дүниенің күйкі
тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы
әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні
болатын. Осындай шақтарда ол ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз жіберетін
де, бұлақтағы тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына
қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде
таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің
жазбаларын жалғастыруға әзірленетін.
Сайраған құстар әні оны көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап
жазуға итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып
жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр
дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз
бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол
үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен
музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет.
1.Бағбанды ең ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз
A)Қоңыр салқын самал желдің соғуы
B)Құстардың сайраған үніне таңдануы
|