Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы


Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата02.02.2022
өлшемі246,17 Kb.
#130513
1   2   3
Байланысты:
тарих сроп Айдана

Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен 

тарихнамасының талдануы 

Қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында 

қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының 

өзіндік тарихы бар. 

Қазақстандық  тарих  ғылымының  дамуы,  тарихи  зерттеулердің  сапасы  мен 

тиімділігінің  артуы,  олардың  қоғамдық  дамудың  әлеуметтік-саяси  және  мәдени-

тәрбиелік  мазмұнына  ықпалы  белгілі  бір  дәрежеде  тарихнамалық  зерттеулермен 

анықталатындығы  белгілі.  Сондықтан  да  қазіргі  таңдағы  отандық  тарих 

ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен 

олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар. 

 

Қазақстан  тарихнамасы  саласы  бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  кең 



көлемде  жүргізіле  бастауы,  сондай-ақ  Қоғамдық  ғылымдар  секциясы  мен  КСРО 

Ғылым  академиясының  Тарих  бөлімінің  бастамасына  орай  ҚазКСР  Ғылым 

Академиясының  Президиумы  1978  жылы  7  қыркүйектегі  №  131  қаулысымен 

Институтта  "Қазақстанның  тарихнамасы  бөлімін  құру  туралың  қаулысын 

қабылдайды. Осы жылдың 25 қазанынан бастап құрамында 5 ғылыми-техникалық 

қызметкері бар бөлім сол кездегі ҚазКСР Ғылым академиясының вице-президенті, 

академик  Байдабек  Ахметұлы  Төлепбаевтың  жетекшілігімен  өз  қызметін 

бастайды.  Бөлімнің  осы  алғашқы  құрамында  аға  ғылыми  қызметкер,  тарих 

ғылымдарының кандидаты С.Б. Нұрмұхамедов, кіші ғылыми қызметкерлер  - Р.В. 

Колдобская, Л.Н. Катасонова және лаборант В.А. Замаревалар болды. Институтта 

бөлімнің  ашылуы  өз  тарихнамашы  кадрларымызды  дайындаудың  игі  бастамасы 

болды.  Бөлімнің  алғашқы  тобында  қызмет  еткен  аға  ғылыми  қызметкер  В.К. 

Янулов  КСРО  ҒА  Ленинградтық  бөлімшесінің  Ғылыми  кеңесінде,  аспирант  Н. 

Әлімбаев "тарихнамаң мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияларын сәтті 

қорғайды. 

Бұл  қаулының  қабылдануына  түрткі  болған  басты  себеп  1976-1979  жылдар 

аралығында  жүргізілуге  тиіс  мемлекеттік  тапсырыстағы  "Қазақстанның 

тарихнамасы"  атты  Қазақстан  тарихының  өзекті  мәселелері  бойынша  тарихи 

ойлардың  дамуын  зерттеудің  алғаш  рет  қолға  алынуы  екендігін  атап  өткен  жөн. 

Аталған  тақырыптың  мәдени  революция  кезеңдерін,  оның  басты  мәселелерін, 

әсіресе  халық  ағарту  және  ғылым  тарихы,  зиялы  қауымның  қалыптасуы  мен 

мәдени-ағарту  жұмыстарының  тарихын  зерттейтін  маңызды  "Қазақстандағы 

мәдени  революция  тарихы  (1917-1978)"  атты  бөліміне  ҚазКСР  ҒА  мүше-

корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы Г.Ф. Дахшлейгер жетекшілік етсе, 

негізгі орындаушысы тарих ғылымдарының докторы Р.Б. Сүлейменов болды. 

Бөлім қызметкерлері 2 томдық "Қазақстанның қоғамтанушы ғалымдарының био-

библиографиясынң дайындауды қолға алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет