14
2.ауыл шаруашылығы өнімінің белгілі бір түрін (түрлерін) өндіруге маманданған
ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үштесуі мен өндірістік өзара
байланыстары бар салалық экономикалык аудан.
Ауыл шаруашылығы тұрғысынан аудандау
Елдің аумағын ауыл шаруашылығының сипаты немесе оны жүргізу жағдайлары
бойынша салыстырмалы біртекті бөліктерге (аудандарға) бөлу; экономикалық
аудандаудың бір түрі.
7.Ауыл шаруашылығы географиясы
Ауыл шаруашылығы өндірісі орналасуының табиғи және
әлеуметтік
-
экономикалық факторларын, оның жеке елдер мен аудандарда даму жағдайлары
мен ерекшеліктерін анықтау мен талдауды коса ауыл шаруашылығы өндірісінің
аумақтық саралануының зандылығы мен ерекшеліктерін зерттейтін
географияның бөлімі; ауыл шаруашылығы өндірісін аграрлық
-
өнеркәсіптік
кешеннің баска салаларымен өзара байланыста қарастырады. Ауыл
шаруашылығы географиясының ауыл шаруашьшығы өндірісінің орналасуы мен
аумақтық ұйымдастырылуының жалпы теориясын, ауыл шаруашылығының жеке
салаларының (егіншілік,
мал шаруашылығы
және тағы да басқалары)
географиясын, әр түрлі аумақтарды аудандауды және типке бөлуді қамтиды.
Ауыл шаруашылығы жерлері
Ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын жер телімдері; табиғи
ерекшеліктері мен ауыл шаруашылығына пайдаланылуы бойынша ерекшеленеді.
Егістік, жайылымдық және шабындық деп бөледі. Қазақстанда 2005 ж. барлық
Ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі, шамамен, 215850,9 мың га, оның ішінде
егістік жер 23230,4 мың га, пішендік 4816,0 мың га, жайылым 182358,1 мың га
болды.
Ауыл шаруашылығы карталары
Ауыл шаруашылығы өндірісінің орналасуын, оның даму жағдайлары мен
факторларын бейнелейтін карталар.
Қорытынды