Кесте-11. Оқушыларды зерттеп білудің сипаттамасы
Оқушыларды зерттеудің сипаттамалық мәліметтері
1
Оқушының тегі, аты-жөні (жалпы мәлімет)
2
Оқушының денсаулығы
3
Оқушының отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы
4
Ішкі жан дүниесі, рухани байлығы
5
Мінез-құлқы, темпераменті, қабілеті, қызығушылығы, еркі, зейіні және т.б.
6
Үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, достарымен қарым-қатынасы
7
Моральдық бейнесі, адамгершілік қасиеттері
8
Еңбекке көзқарасы
9
Эстетикалық талғамы, өнерге, әдебиетке ден қоюы
10
Интеллектуалдық дамуы
11
Идеялық сауаттылығы және т.б.
Сонымен қатар, сынып жетекшісі өз жұмысының төмендегідей
бағыттарын айқындайды:
-
оқушының жеке дамуын бақылау, оның еркін дамып, қабілеттерінің
ашылуына жағдай жасау;
-
оқушының ынтасы мен қабілетін зерттеу, кәсіби бағдар беру;
-
оқушылардың қоғамдық-құнды қатынастарға жетелейтін әрекеттерінің
барлық түрлерін (жеке-дара, топтық, ұжымдық) ұйымдастыру;
-
оқушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау;
-
барлық тәрбиелік күштердің өзара ынтымақтастығы мен байланыстарын
ұйымдастыру;
-
сыныпта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
-
оқушылардың тұрмыс жағдайларын зерттеу;
124
-
сыныптағы оқушыларды іс-шараларға тарту және басқа ұжымдармен
байланыс орнату;
-
оқушылардың дамуындағы, жеке мінез-құлықтарындағы ауытқуларды
байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету, күрделі
жағдайларда басшыларды құлақтандыру;
-
өмірде кездесетін күрделі проблемаларды шешуде оларға көмек көрсету;
-
оқушылардың әлеуметтік және заңды құқықтарын қорғау;
-
тәрбие жұмысының нәтижелілігін көрсететін іс-қағаздар жүргізу
(оқушылардың жеке құжаттары, күнделігі, сынып журналы және т.б.);
-
мектептің тәрбие жұмысына мұғалімдерді, ата-аналарды, білім және өнер
саласындағы мамандарды тарту;
-
үнемі тәрбие теориясына, практикасына, психология және педагогика
мәселелеріне байланысты кәсіби біліктілігін жетілдіру;
-
өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, оқушылармен жылы
қарым-қатынас орната алуы және т.б.
Сынып жетекшісі тәрбие процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие
ісін төмендегідей бірізділікпен басқарса,
жұмысы нәтижелі болады:
•
тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсінуі,
өзекті мәселелерін көре білуі. Оқу-тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен
қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін меңгеруі;
•
талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатқа сәйкестігін
анықтауы, кемшіліктерінің себептерін түсінуі;
•
өз жұмысының нәтижесін болжау және қайшылықтарды, тәрбие ісін
жүргізудің басым бағыттарын көре білуі. Жоспарды оқушылардың даму
нәтижесіне байланысты құруы;
•
оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік міндеттерді анықтауы;
•
оқушылардың
даму
деңгейіне
байланысты
тәрбиенің
негізгі
міндеттерімен, оларға сәйкес іс-әрекеттерін белгілеуі. Тандап алған
іс-әрекеттердің түрлері мен тәрбие жұмысының әдістері, формалары
тәрбие ісінің деңгейін көтеруге тиісті ықпал жасайтынына тәрбиешінің
толық сенуі;
•
тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы. Оқушылардың көзқарасын
қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы;
•
сынып жетекшісі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың
жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасауға тиіс. Істі қорытындылағанда,
олардың жетістіктеріне көңіл бөлгені жөн;
•
тәрбиелеу барысында тәрбиешінің өзінің күшті және әлсіз жақтарын
ескеруі;
•
тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен өз жұмысын өзі тексеріп, талдап,
оқушылардың даму деңгейін зерттеп отыруы.
Сынып
жетекшісінің
оқушылар
және
олардың
ата-аналарымен
қарым-қатынасты ұйымдастырғанда атқаратын міндеттері 38-суретте ашылды.
125
Достарыңызбен бөлісу: |