174
Демографиялық аспект.
Заңсыз түрде есірткіні жүйелі түрде
қолданатындар қатарына көбіне ер балалар мен жасөспірімдер жатады.
Есірткіге тәуелділікті қалыптастыру инстинкті басады да, жыныстық рөлді
іс-әрекеттің бұзылысына әкеледі. Екінші жағынан, нашақорлыққа байланысты
шамадан тыс көп мөлшер мен бақытсыз жағдайдан
туындаған әйел мен
еркектер арасында сәйкессіздік қалыптасады. Нәтижесінде жақын уақыт
арасында бала туу көрсеткіштері төмендейді, ал жалғыз басты әйел адамдар
мен толық емес отбасылар саны артады.
Моральді аспект.
Есірткіні жүйелі түрде қолдану барысында жеке тұлға аз
уақыт ішінде тез құлдырауға ұшырайды. Діни негізбен бекітілген дәстүрлі
моральдің өзі бүгінгі күні үлкен қауіпке ие болып отыр.
Саяси аспект.
Нашақорлық таза медициналық
өзекті мәселеден жалпы
ұлттық көлемдегі проблемаға айналып отыр.
Медициналық аспект.
Дәстүрлі наркология (есірткі жайлы ғылым)
нашақорлықты емге берілмейтін, созылмалы, уақытымен ремиссия тудырып
отыратын ауру деп қарастырады.
Есірткіні қабылдаған кезде, басты үш клиникалық феномен дамиды:
1.
Психологиялық тәуелділік.
Бұл кезде
нашақор адам есірткі өмірімен,
өзімен, өзге адамдармен байланыс орнататын зат болып табылады.
2.
Физикалық тәуелділік.
Мұнда есірткі біртіндеп ағзадағы зат алмасу
процестерінің тізбегін бұзушы қызметін атқарады.
3.
Толераттылық есірткіге үйрену
(әуестіліктің қалыптасуы).
Психологиялық аспект.
Нашақорларды кез келген адам типтерінің
арасында кездестіруге болады. Нашақорлық және психоактивті заттарды
қолданудың алдын алу мақсатында отандық және
шетелдік мамандар көбіне
барлық іс-шараларды мектеп жасындағы балаларға бағыттайды. Себебі, осы
жастағы есірткі қолданатын балаларда әртүрлі аурулар жиі туындайды. Көбіне
ол есірткі шегіп алған балалардың тазалық, яғни гигиена сақтамауынан және
кездейсоқ жыныстық қарым-қатынасқа түсуінен болатын аурулар. Көптеген
мемлекеттерде «қауіп тобының» балалары мен
жасөспірімдеріне біршама
әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдар құрылған. Мысалы, жастар мен балалы
әйелдерге «қоғамдық жайлар», жасөспірімдердің уақытша паналайтын
«дағдарысты» ұйымдары, түнгі паналайтын үйлер.
Достарыңызбен бөлісу: