Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


жылдық мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының



Pdf көрінісі
бет258/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

12 жылдық мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының 
ерекшеліктері
 
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу 
арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға 
бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен»,
«білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне 
жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. 
 
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – тәрбиеленушінің жан-жақты 
дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген 
шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып
келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық
мәдени, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін, психологиялық-
педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның 
құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 4+6+2 


232
сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген 
жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.
 
12 жылдық оқытудағы басты мақсат:
 
- қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
 
- өзін-өзі дамытуға;
 
- өз ойын еркін айта білуге;
 
- өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;
 
- жоғары білімді, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру. 
 
12 жылдық мектепте білім берудің негізгі үш міндеті 76-суретте ашылды.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет