Түс фактурасының иллюзиясы.
Тығыздық, материалдық сезімін туғызатын түс фактуралы болып
көрінеді, фактурасыз – ол материалдық емес, жеңілдік сезімін жасаушы
түстер.Фактуралы түстер заттың пішінін, оның бетінің қисықтығын шығаруға
нағыз фактурасын көрсетуге көмектеседі.
Фактурасыз түске боялған пішінді қарастырғанда біз көз қиығымызды
бетінде тоқтатпаймыз, оның шекарасын байқамай пішіннің ішіне көңілімізді
аударамыз.
Фактуралы түстерге жылы, аз қанықталған, шығыңқы түстер жатады.
Суық, қанық, кіріңкі түстер фактуралы сезім оятпайды. Түстің қараңғылануы
оған материалдылықты береді, яғни оның фактуралығын үлкейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |