Қанға түскен спорозоиттар қан тамырлары арқылы бауырға
жиналады.
Осы жерде шизогония көбеюі кезеңі басталады. Əрбір
споразоит бауыр клеткасына еніп, жұмырланып шизонтқа
айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, бұлардан
мерозоиттар пайда болады. Осыдан кейін шизогония екі жерде
жүреді: мерозоиттардың бір тобы қайтадан бауыр клеткаларына
еніп, жұмырланып шизонтқа айналып, олардың ядросы бірнеше
қайтара бөлініп, көптеген мерозоиттар пайда болады, ал
мерозоиттардың екінші тобы бауырдан қанға шығып
эритроциттерге енеді, сол жерде жұмырланып шизонтқа
айналады. 2-3 сағаттан кейін шизонтта вакуоль пайда болады, сол
вакуоль əсерінен шизонттың денесі сақина тəрізді болып тұрады.
Кейін вакуоль жойылып, шизонт өсіп, амеба тəрізді болады.
Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп 10-20 мерозоиттар
пайда болады. Бұлар эритроцитті зақымдап қанға шығады да,
жаңа эритроциттерге енеді, содан шизогония кезеңі қайтадан
басталады жəне бұл процесс бірнеше рет қайталанады. Сөйтіп
шизогония бауыр клеткасында жəне эритроциттерде өтеді.
Шизогония кезінде адам қанындағы паразиттің саны артады, ал
эритроциттердің саны азаяды. Сау адамның Імм3 қанында 5 млн
эритроциттер болса, ал безгек аурумен ауырған кезде
эритроциттердің саны азайып Імм3 қанында 1 млн-ға жақын
эритроциттер қалады.
Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде
мерозоиттар гамонттарға айналады. Гамонттар екі түрлі болады:
макрогамонттар немесе микрогаметоциталар пісіп-жетілмеген аналық
жыныс клеткалары жəне микрогамонттар немесе микрогаметоциттер пісіп
жетілмеген аталық жыныс клеткалары. Осыдан кейін əрі қарай даму адам
қанында жүрмейді. Ендігі дамуы маса денесінде өтеді.
Анофелес (Anopheles) туысына жататын безгек маса ауру адамның
қанын сорған кезде оның ішегіне қанмен бірге макро жəне
микрогаметоциттер түседі. Масаның ішегінде макрогамонттар
(макрогаметоциттер) пісіп-жетіліп макрогаметаға айналады, ал
микрогамонттардың (микрогаметоциттердің) ядросы көпке бөлініп, пісіп
жетіліп қозғалғыш майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар
жəне макрогаметалар қосылып зигота құрады. Зигота қозғалғыш келеді,
сондықтан оны оокинета деп атайды.
Сонымен безгек плазмодиясының тіршілік циклы өте
күрделі жəне олар иесін алмастырып отырады,
жыныссыз көбеюі адам қанында, ал жынысты көбеюі
безгек масасының ішегінде өтеді. Плазмодияның
негізгі иесі - безгек масасы, ал аралық иесі - адам.
Безгек плазмодиясы адамның безгек ауруын
қоздырушы. Безгекпен ауырғанда безгек ұстауынан
басқа анемия (эритроциттердің азаюы) байқалады
жəне плазмодиялар қан плазмасына улы өнімдерін
бөледі. Ауру адамның безгегі əр 72 сағат, немесе 48,
немесе 24 сағат сайын қайталанып отырады. Осы
қайталануы плазмодияның өкіліне жəне шизогония
мерзіміне байланысты.
Қан споровиктері өздерінің дамуының белгілі бір
сатысын адамның не əртүрлі омыртқалардың
эритроциттерінде өткізеді. Олардың даму циклі қожайын
алмастыру арқалы жүреді. Жыныссыз көбею адам
денесінде, жыныстық көбеюі омыртқасыз жануарларда
(насекомдарда) жүреді. Бұлар спора түзбей бір
қожайынна екіншісіне тікелей беріліп отырады. Адам
паразиті болып безгек плазмодиясы саналады- ол безгек
ауруын тудырады. Адамдарда безгек плазмодийдің 4 түрі
паразиттік тіршілік етеді: Plasmodium vivax, Pl.maarie,
Pl.falciparium, Pl.ovale. Соңғы түрдің өкілдері бізде
кездеспейді. Олардың бəрінің даму циклі жəне
құрылыстары ұқсас аралық қожайыны адамдар, түптілік
қожайыны безгек масасы болып табылады. Тіршілік
циклі үш кезеңге бөлінеді, оның екеуі адам денесінде,
үшіншісі маса денесінде өтеді.
Паразиттік жұқпалар кезіндегі
жүргізілетін шаралар
●
Зақымданған жерді оқшаулау
●
Вакцина енгізу
●
Зоонозды инфекцияларға
қарсы егу
●
Жұқпалы аурулардан
иммунды əдіспен алдын-ала
сақтандыру
.
АЛДЫН АЛУ:
Безгек ыстық жаңбырлы маусымдарда жиі
болады.
Бірақ күш-жігер жұмсап, оны болдырмауға
болады.
Барлық алдын алу шаралары жедел іске
асырылуға тиіс
Өзіңізді шыбын-шіркей, масадан аулақ ұстаңыз.
Олар
жоқ жерге немесе масаханада үйықтаңыз.
Баланың
бесігін маса кірмеу үшін жұқа матамен жауып
қою керек.
Безгектен сезіктенсеңіз жедел емдеуге кірісіңіз.
Сіз емделіп, сауыққаннан кейін сізді шаққан
шіркей
басқаға ауруды таратпайды
Безгек туралы маңызды ойлар
Безгек – Plasmodium түрінің паразиті тудыратын
ауру. Жұқтырған Anopheles масасының шағуы
паразитті адамдарға береді.
Құрама Штаттардағы безгектің барлық дерлік
жағдайлары халықаралық сапарға шыққан
адамдарда кездеседі.
Безгектің ерте белгілері тұмауға ұқсас болуы
мүмкін.
Саяхаттау кезінде немесе безгек қаупі бар
аймақта саяхаттағаннан кейін дене қызуыңыз
көтерілсе, дереу медициналық көмекке жүгініңіз
жəне соңғы сапарларыңыз туралы медициналық
қызмет көрсетушілермен бөлісіңіз.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |