Базар
Көкөніс дҥкеніндегі сөрелер де бос емес:
Онда қияр, қызанақ пен қырыққабат,
Сəбіз, баялды, бір тҥйін аскөк.
Картоп, шалғам, жасыл жуа.
Жəне тҥйінді пияз бес тҥсті қырыққабат бар,
Міне ақжелкен, кольраби мен ҥлкен асқабақ бар.
Салат, тəтті бҧрыш, сарымсақ пен кəді,
Ақжелкен жҧпар иісті тҥбір.
Сатуда шалқанмен, шалқан мен шомыр.
Не керек?
Бар-сатып ал! Біз қуанамыз оған!
Ең нəзік тауарды сатып алуға болады,
Алдыңызда əдемі гҥл базары бар:
Гиацинттер, наркестер, тҥймедағы мен, тациттер,
Арыстан ауыз, ботагөз бен меруертгҥл.
Пішіні мен бояуына назар салшы!
Ақ жҧлдызгҥл, қызыл көкнəр мен жауқазын,
Қалампыр, ақгҥл мен керемет канналар
Олеандрлар, ақгҥлдер мен шегіргҥл
мен мимоза,
Георгиндер, настурция, нəзік раушан.
Флокстар, жҧлдызшешек, жаушымылдық
Осындай керметтерден өту мҥмкін бе!
Осы кереметті өзіңізбен алып кетіңіз!!!
Ал мына жерде балалар ҥшін ойыншық та сатылады:
Секіртпелер, доптар, зауыт бақалары,
Машиналар, тачанкалар, кеме мен ҧшақ.
Сəнді қуыршақтар, ыдыстар мен кҥректер.
Ҥлпілдек қҧстар мен ҥрпек қонжық та бар,
Міне, айналады, секіреді маймылдар!
Керіктер, пілдер, тарғыл жолбарыс та бар.
Ал міне айлакер тҥрлі-тҥрлі ойын да бар.
Кел де – таңдап ал.
Ойна да, өзіңді біздің əлем ҥшін аш!
11-жаттығу.
«Базар» өлеңін, əртҥрлі ҥнмен, əртҥрлі дауыспен
айтыңдар: айқайлап, жартылай дауыспен, сыбырлап.
12-жаттығу.
H.M. Соловьеваның «Мəнерлеп оқу жөніндегі
жаттығулар» оқу қҧралындағы ҥзіндімен танысыңдар (М., 1976. — С.
15—
17).
Мҧнда ҧсынылған
жаттығуды көз алдарыңызға
келтіріңіздер.
«Жаттығу тҥрлерінің көп есептері арасында, — деп жазады
С.Гиппиус, — ең маңыздысы деп ол (К. С. Станиславский) əртістің
психологиялық физикалық техникасын əзірлеу жəне жетілдіру,
«тілалғыш» психикалық дағдылар мен біліктілерді тəрбиелеу деп
санады». Көру, қозғалмалы эмоциялы сала мен жеңіл жауап
қайтаратын эмоциялы жады, сөзбен əрекет
етуді қамтамасыз ететін
ерік, — осының бəрі оқырман ҥшін қажет.
Бірінші сабақта, студенттер тəжірибелік тҥрде барлық аталған
дағыдалар мен біліктермен танысу ҥшін ҧсынамыз. «Біздің
əрқайсымыз мына сөйлем жолдарын айтсын: «Тезірек аш», — деді
оқытушы —Көз алдыңызға елестетіңіз, сіз демалыстан келдіңіз. Сізде
көңіл кҥйіңіз жақсы: демалыс өте сəтті өтті. Ауа райы керемет болды,
көк теңіз, көңілді компания... Әлдекім есікке келіп, сҧрайды: «Бҧл
кім? Жауап беріңіз!”» бірнеше адам осыны айтады, əрқайсысы, əрине
өзінше айтады. Жағдайды анықтайық. Есікке келген кім? Мысалы,
кіші əпкең (қарындасың). Оны қалай айтамыз — өтініп сҧраймыз ба
əлде талап етеміз бе?
.Ал енді жағдайды өзгертеміз. Сіз кҥн жақсы болғанда шықтыңыз,
ҥйге келдіңіз – бҧл жерде жаңбыр əрі салқын. Плащ шабаданға
салынған, жылдам жҥгіріп жетем деп ойладыңыз,
бірақ жаңбыр
кҥшейіп кетті, сіз су болып қалдыңыз, ал мҧнда есікті бірден
ашпайды. Дауыста шыдамсыздық байқалады. Әлдекім жалынып
сҧрайды, əлдекім ашуланып талап етеді. Сөздерді қоюға тырысады:
«Тезірек ашыңдар!» Бірақ бҧған рҧқсат етілмейді. Ойын жылдам,
көңілді, 10-15 минут болуы қажет.
Енді қорытамыз. Сіз өзіңіздің шыдамсыздығыңызды, шағымыңыз немесе
көңіл-кҥйіңізді қалай жеткіздіңіз, сіз қандай жолмен,
сізге есікті тезірек
ашулары ҥшін қандай жолмен қол жеткіздіңіз? Сөздер сол баяғы бір
мағынада қалды емес пе? Сіз екпін арқылы сөз айтып əрекет еттіңз бе?
Сіз, сізге есік ашу, ҥйге кіргізу ҥшін оларды асықтырдыңыз ба? Неліктен
сіз осылай асықтыңыз? Сізге ҥйге не ҥшін тезірек кіру керек болды?
Себептер əртҥрлі жағдайда əртҥрлі болды.
Жағдайға, топтың сипатына жəне оқытушының қиялына
байланысты студеттерге басқа да тапсырмалар ҧсынуға болады,
мысалы: «Маған рҧқсат етіңізші?», «мына хатты оқы», «Ертең
жҥреміз бе əлде жҥрмейміз бе?», «-25° (+30°) болады».