Сӛйлеу аппараты бӛліктерінің жҧмысындағы кемшіліктерді реттеуге арналған қосымша жаттығулар Жаттығудың мақсаты — төменгі жақтың жҧмысындағы
кемшіліктерді тҥзету.
1.
«Пай», «бай», «май», «гай», «дай», «тай» ҧйқастарын
айту, əр ҧйқаста басты ақырын артқа шалқайту жəне сол кезде
қолдың саусақтарымен мҥмкіндігінше иекті тура ҧстау: жақ
пен мойын бҧлшық еттерінің біршама қарсылығы сезіледі. «Й»
дыбысының соңында басты бастапқы тура қалпына «тартуға»
болады. Бҧл жаттығуды 2 — 3 рет қайталау керек, дəл осы
ҧйқастарды еркін, дауыстап, бҧлшық еттердің еркіндігі мен
жеңілдігін сезіне айту керек.
2.
«Ма» ҧйқасын бірнеше рет қайталап, кеуденің жоғарғы
жағына иектің жанасқанына дейін басты ақырын төмен тҥсіру,
содан кейін басты көтеру жəне осы ҧйқасты еркін айту
(жаттығу 4 — 5 рет қатарынан айтылады).
3.
Басты бҧрып, ақырын қозғала, иекпен кезек-кезек біресе
оң, біресе сол иықты жанай, «гай» ( «й» айтқанда иықты
жанау), «кай», «дай», «пай» жəне т.б (жаттығу 4 — 5 рет
қатарынан айтылады) ҧйқастарын айту.
4.
Ауызды ашу. Саусақтарды мойынның алдыңғы жағына
тіреу, тілді төмен тҥсіру, тілдің қалпын өзгертпей, «н»
дыбысын созу.
5.
Төменгі жақтың массажы: екі қолдың алақанымен қҧлақ
маңынан иекке жəне кейін қарай жылдам сипау.