К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет149/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Қорытынды талдау
тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында 
жүргізіліп, негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталады.
Педагогикалық талдаудың негізгі объектілерінің бірі – сабақ болып 
табылады. Сабақты талдау толық, қысқа және аспектілі талдаулар болып 
бөлінеді.
Сабақты толық педагогикалық талдауда
сабақтың барлық элементтері 
мен мүмкіндіктері қамтылады. Мұндай талдаулар еңбек жолын жаңа бастаған 
мұғалімдердің немесе проблемалы мұғалімдердің жұмысын талдауда 
қолданылады.
Қысқаша талдау 

 
сабақтан соң тез арада жүргізіледі, бірақ толық 
соңғысы деп айтылмайды. Ол басқа талдауларға жол ашады. Сабақ 
бақыланады, сабақтың мақсатына жеткен-жетпегендігі бағаланады және 
болжанға нәтиже мен жұмыстан алынған соңғы нәтиже салыстырылады.
Сабақты қысқа талдау мұғалім тұлғасын, әдістемелік және басқару 
ерекшеліктерін жақсы білуді қажет етеді.
Аспектілік талдау
сабақтың белгілі бір аспектісін зерттеуге 
бағытталады. Сонымен бірге мектеп директоры тәрбиелік шараларды да 
талдауға көңіл бөлуі қажет.
Аспектілі талдауда сабақтың бір аспектісіне назар аударылады:
1)
Сабақтың мақсаты. 
2)
Сабақтың құрылымы және ұйымдастырылуы. 
3)
Сабақтың мазмұны. 
4)
Сабақта оқытушының іс -әрекеті. 
5)
Үй тапсырмасы. 
6)
Сабақтың санитарлық -гигиеналық талаптары. 
7)
Сабақтың психологиялық аспектілері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет