Жеке (персональді) бақылау –
жеке бағдарлама бойынша бір мұғалім
жұмысы бақыланып, жеке қорытынды-талдау жасалады.
Топтық бақылау – педагогтердің бірыңғай тобына бір бағдарлама
боынша жүргізілетін,бір қорытынды-талдау жасалатын бақылау түрі. Оның
мақсаты – мұғалімдердің осы тобының жұмыс жағдайын талдап, ондағы әрбір
мұғалімнің жеке іс-әрекет ерекшелігін анықтау болып табылады.
Топтық бақылау түрлері: 1) Сыныптық талдау-қорытындылау – бір немесе параллель сыныптарда
жұмыс жүргізетін барлық пән мұғалімдері мен сынып жетекшісінің жұмысы
тексеріледі.
2) Пәндік талдау-қорытындылау кезінде жеке пән немесе сол циклдегі
пәндерді оқытатын мұғалімдердің жұмысы тексеріледі.
3) Проблемалық талдау-қорытындылау – бір проблема бойынша зерттеу
жүргізіп жүрген мұғалімдер тобының жұмысы тексеріледі.