Зерттеу әдіснамасы
–
стратегиялық менеджментте қолданылатын
жалпы және арнайы зерттеу әдістерінің жиынтығы: жүйелі анализ, STEP және
SWOT талдаулары, мақсатты басқару және т.б.
Стратегиялық басқару кезеңдері
– бұл зерттеу процесінің құраушы
элементтері ұйымның жағдайын диагностикалық талдаудан басталатын
стратегияны құру және жүзеге асыру, макрожүйе бойынша стратегиялық
жоспар бөлімдерін құру және ұйымдағы өзгерістерді басқарумен аяқталады.
Ұйымның макрожүйе бөлігі
– басқарудың өзара байланысты бірнеше
функциясын біріктіретін ұйымның ірі құрамдас бөлігі.
Ұйымның өмірлік цикл кезеңдері
ұйым дамуының негізгі кезеңдерін
бейнелейді: пайда болуы, өсуі, жетілуі, төмендеуі. Бұл кезеңдердің бөлінуін
білім беру қызметінің (тауар) өмірлік циклінің кезеңдерімен шатыстыруға
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |