Әдістемелік бірлестік құжаттары: -
оқу-әдістемелік құжаттары: мемлекеттік жалпыға міндетті білім
стандарты, типтік оқу бағдарламалары, жұмыс оқу жоспарлары;
-
білім мекемесіндегі әдістемелік бірлестігінің ережелері;
-
әдістемелік бірлестікті құру және оның құрамын бекіту туралы мектеп
директорының бұйрығы;
-
әдістемелік бірлестік мүшелерінің міндеттері;
-
сапалық құрамы (мұғалімнің портфолиосы);
-
әдістемелік бірлестік жұмысының жоспары (тақырыбы, мақсаты,
міндеттері мектептің проблемасынан туындайды);
-
жас мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс жоспары;
-
оқу-әдістемелік семинарларға жасалатын баяндамалар жоспары;
-
пәндік олимпиадалар, жобалар өткізу және оның нәтижелері
мониторингісі;
-
әдістемелік бірлестік мүшелері жүргізетін пән үйірмелері, таңдаулы
курстар туралы мәліметтер;
-
МАБ, ҰБТ-ға дайындық жүргізу, өткізу, мониторинг материалдары;
-
дидақтикалық материалдар, ашық сабақтар, сынып сағаттарының
әдістемелік сандықшасы, өткізу кестесі; озық тәжірибелер жинағы;
-
мұғалімдердің курстан өту кестесі; оқу кабинеттерінің материалдық-
техникалық жағдайы туралы мәлімет;
-
мектепте эксперименттік және ғылыми зерттеу қызметі туралы мәлімет
(болған жағдайда); әдістемелік бірлестік жұмысына аналитикалық талдау
(жылдың соңында);
-
әдістемелік бірлестік отырыстарының хаттамалары.
А-қосымшада мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
жұмысының жоспарлануы мен ұйымдастырылуы, жұмыстың жылдық
циклограммасы берілді.