1) Физиологиялық : аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және
т.б.
2) Қауіпсіздік және қорғаушылық: өмір сүруге қауіпсіздік, өмір сүру
жағдайларының тұрақтылығы.
3) Әлеуметтік : әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және
өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.
4) Сыйластық (абыройлық): өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие
болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен
жоғары баға алу,
қызметте өсу.
5) Рухани: өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін-өзі тану (3-сурет).
Қажеттіліктер пирамидасы – адамның қажеттіліктерін сипаттайтын
иерархиялық моделі. Одан толығырақ санатталған иерархия да бар. Жүйеде
жеті деңгейлі қажеттілік бар: физиологиялық (ең төменгі); қауіпсіздік;
махаббат; құрмет; білім алу; эстетикалық; өзінің маңызын түсіну.
Қанағаттандырылған қажеттіліктер адамдарды қайта ынталандырмайды:
-
егер қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнын басқа қанағаттанбаған
қажеттіліктер басады;
-
көп жағдайда адам бір-бірімен жинақтылық қатынаста болатын бір
уақытта бірнеше әртүрлі қажеттіліктерді сезеді;
-
«пирамиданың» негізіне жақын тұрған қажеттіліктер ең бірінші ретте
қанағаттандыруды талап етеді;
-
жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер
қанағаттанған соң адамға белсенді түрде әсер етуді бастайды;
26
-
төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда жоғарғы деңгейдегі
қажеттіліктердің көп санымен қанағаттанулары қажет.