К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет402/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

 
 
Сурет-80. Оңтайлы қарым-қатынас жасау кезеңдері 
 
Модельдеу
Ұйымдастыру
Басқару
Талдау


283 
Қарым-қатынас – педагогикалық іс-әрекеттің маңызды кәсіби құралы. 
Педагогикалық қарым-қатынас әлуметтік-психологиялық процесс ретінде
сипатталады: тұлғаны тану; ақпаратпен алмасу; іс-әрекетті ұйымдастыру; өзін-
өзі тану.
Мұғалімнің 
коммуникативтік 
іс-әрекетінің 
қызметі 
белгіленген: 
ынталандырушы; жауап беруші; бақылаушы; ұйымдастырушы. 
Ұжымның жалпы ахуалы оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік 
және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді болып келеді. Жекелеген 
педагогтердің танымдық белсенділігі, өнертапқыштығы ұжымды инновациялық 
қызметті дамытып, жаңа технологиялар іздестіруге жұмылдырады. Жігерлі 
педагог-жетекші соңынан өзгелерді ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-
ойы, сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырылса, онда табысқа 
жету қиын болмайды. 
Жеке адамның ұжымға және оның әлеуметтік-психологаялық ахуалына 
ықпал жасайтын негізгі әдістері – көзін жеткізу, сеңдіру, жеке үлгі көрсету. 
Көзін жеткізу
 
адамдардың бағасын, пікірін, қалыптасқан мінез-құқық 
нормалары мен ережелерін нақты адамнын көз жеткізетін тұлғаның түсінігіне 
сәйкес өзгертуге бағытталады. Осы жағдайда көз жеткізуші факторлардың 
қуатын, қисыны мен дәлелді пайдаланып, тек ақыл-ойға ғана емес, 
әңгімелесушінің сезіміне де әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет