Шығармашыл мұғалім – өз пәнінің әдістемесін жетік меңгерген,
алдыңғы қатарлы озат тәжірибелерді шебер әрі шығармашылықпен қолдана
алатын шебер мұғалім.
Ынталандыру –
шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына,
инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің
рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік белсенділігіне дем
беру; жетістіктеріне орай бағалау және мадақтау.
Ынталылық – басқамен қарым-қатынаста іскерлік позицияға бейімділік:
тек қана басқаның бастауына көңіл бөліп айтқанымен жүрмей – алға басу,
өздігінше қарым-қатынас орната білу, қажет болса басқаның сөзін, ісін күтпей,
жағдайды жақсартуды өз қолына ала білу.