17
Құжаттар
сапа жүйесін жасаушыларға, қолданушыларға және тек-
серу органдарына көрсетуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, сапа жүйесі
– сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру
құрылымы, әдістеме, үдеріс және
ресурстар
жиынтығы.
Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын
жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар
Техникалық заңнама
– техникалық объектілерге – өнімге, оның
өмірлік циклі үдерістеріне, қызмет көрсетуге және қойылған талаптар-
дың сақталуын тексеруге, қатысты талаптарды регламенттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы. 2004 жылдың 9 қарашасында
қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан қолданысқа енгізілген
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы
1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданған «Стандарттау туралы»
және «Сертификаттау туралы» Заңдарының күшін жойды. Қазақстан
Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының қолданысқа
енгізілуі құқықтық тұрғыдан өнімнің, қызмет көрсетудің және
үдерістердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің
жаңа кезеңінің басталуы болып табылады. Құрылып жатқан техникалық
реттеу жүйесінің жұмысын әрі қарай жетілдіруде келесі маңызды
қадам, ол 2006 жылдың 26 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне
техникалық реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы.
Осы
заң
бойынша бұрын қабылданған 33 заңның 274 баптарына, соның
ішінде «Техникалық реттеу туралы» Заңның 29-бабына өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді. Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың
негізгі мақсаты – адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның
ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін
құру және саудада қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау. Ол үшін
мына шаралар көзделеді:
.
өнімнің ерікті
стандарттарын
міндетті техникалық регламент-
терден бөлу (өмір мен денсаулықты қорғауға қатысы барла-
рын);
Достарыңызбен бөлісу: