6.7.7. Бірлескен талдау үдерісі Бірлескен талдау үдерісі жағдайларды бағалау және қажет болған
кезде жоба бойынша жұмыс нәтижелерін бағалау үдерісі болып та-
былады. Бірлескен талдаулар жобаны басқару деңгейінде де, жобаны
техникалық түрде жүзеге асыру деңгейінде де қолданылады және бүкіл
ӨК келісімі бойы жүргізіледі. Үдеріс келісімге қатысушы кез келген екі
тараптар арқылы орындалуы мүмкін, бұл кезде бір тарап (талдаушы)
екінші тарапты (талданушы) тексереді. Ол үш жұмыс түрінен тұрады:
үдеріске даярлық, жобаны басқаруды талдау, техникалық талдаулар.