Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет16/167
Дата17.02.2022
өлшемі3,69 Mb.
#132184
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   167
Байланысты:
mendebaev-sapany

Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы
Көпшілік тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар: қол-
дану жағдайы, қауіпсіздігі, экологиялылығы, сенімділігі, эргономи-
калылығы, ресурстарды үнемдеу мүмкіндігі, технологиялылығы, 
эстетикалылығы. Қолдану жағдайына байланысты талаптар: өнімнің 
орындалуға тиісті (өнімділік, дәлдік, калориялық, қызметтің орын-
далу жылдамдығы) негізгі функцияларын анықтайтын қасиеті, 
яғни функционалдық жарамдылығы, шикізат пен материалдардың 
құрамы мен құрылымы, сыйымдылығы және өзара алмасымдылығы. 
Эргономикалық талаптар – қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ету 
үшін бұйым конструкциясын адам организмінің ерекшеліктерімен 
келістіру. Ресурстарды үнемдеу талабы – шикізатты, материалдар-
ды, отынды, энергияны және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану. 
Қауіпсіздік талаптары – зиян келтіруі мүмкін қауіп-қатерді болдырмау. 
Сенімділік талаптары – белгіленген функцияларды берілген режимде 
және қолдану жағдайында, техникалық қызмет көрсетуде, сақтауда және 
тасымалдауда орындай алу қабілетін сипаттайтын барлық параметр-
лерге белгіленген шек аралығын әр уақытта сақтау. Экологиялық та-
лаптар – өнімді өндіру, пайдалану және кәдеге жарату кездерінде оның 
қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау. Технологиялылыққа қа-
тысты талаптар – өнімге сапа көрсеткіштері белгіленіп қойған жағдайда 
оны дайындауды, қолдануды, жөндеуді аз шығынмен жүргізуге 
бейімділігі.


24
Эстетикаға қатысты талаптар – өнім мен қызмет көрсетудің 
көркемдік бейнені өрнектей алуына, адамның сезім мүшелері арқылы 
қалыптасатын форма белгілері негізінде (түсі, көлемдік конфигура-
циясы, бұйымды әрлеу сапасы) әлеуметтік-мәдениеттік құндылығын 
көрсете алуына қойылатын талаптар. Міндетті талаптардың құрамын 
анықтағанда мына жағдайларды ескеру қажет:
– заңдарға және стандарттарға сәйкес міндетті талаптардың тізімі 
кеңейіп отыруы мүмкін. Мысалы, функционалдық жарамдылық 
есебінен;
– кейбір тауарлар түрлерінде сенімділік талабы қауіпсіздік тала-
бымен үйлеседі (тамақ өнімдерінің сақталуы, жол көлігінің толассыз 
жұмыс істеуі). 
Орындалуға тиісті талаптарды қамтитын стандарттардың ережелері 
нормалар деп аталады. Егер норманың сандық сипаттамасы болса, онда 
оны норматив деп атайды.
Өнімнің сапасы туралы қазіргі заманғы түсінік тұтынушының талап-
тарын және ниеттерінің толық орындалу мақсатына негізделген және
де бұл әрбір өнімнің жоба негізінде болу тиіс. Өнімнің тұтынушылары 
жеке адамдар да, адамдар ұжымы да бола алады: мекемелер, ұйымдар 
немесе жалпы қоғам. Замандас сапа комплексті ұғым, оған әртүрлі 
анықтамалар беріледі. EOQ (европалық сапаны анықтау ұйымы) 
анықтамасы бойынша өнімнің тұтынушы талаптарына сәйкестік 
дәрежесі. Өнімді сәйкестік дәрежеде қанағаттандыру. ИСО 9000:2000 
стандарты, анықтамасы «сапа дегеніміз – өзіндік сипаттамасы 
жиынтығымен тұтынушының талабын орындауы», ИСО халықаралық 
стандартында мағына сапасы бойынша жиынтық сипаттамасына 
белгіленеді, объекті 9000:2000 мінездемесі қатысты және шамаланған 
қажеттіліктерді қанағаттандыру.
Қажеттілік қалай болғанда да адамдық қасиеттерімен байланыс-
ты, адам психикасы аса күрделі, сондықтан адам сұранысын толық 
қанағаттандыратын теория әлі ойлап табылған жоқ, соған қарамастан 
қазіргі уақытта тиімді нәтиже беретін теория бар.
Ағылшын ғалымы Аврам Маслоудің тұжырымы бойынша, ең көп 
таралған теорияларға иерархиялы теория жатады, ол жиырмасыншы 
ғасырдың 50-шы жылдарында тұтынушы деңгейлерін 5 топқа бөлген. 
Төменгі деңгейге негізгі немесе физиологиялық тұтынушылар жата-
ды. Яғни, киімге, өнімге және де оларға биологиялық адам тұрғысында 
қажетті деп анықталынады. Жоғары деңгейінде – адам өміріне 
қауіпті жағдайларды, яғни кеңінен айтатын болсақ, олар: мүгедектік, 
жоқшылық, денсаулығының жоқшылығы болып келеді, яғни олар 
алдындағы физиологиялық тұтынушылықты қанағаттандырмайды. Ең 


25
жақсы деңгей – ол социалды тұтынушылық, яғни басқа адамдармен 
қарым-қатынаста болу дегенді білдіреді. 
Маслоу тұжырымы бойынша, әр деңгейдің қажеттілігі алдыңғы 
деңгейдегі тұтынушы қанағатына байланысты және социалды 
қажеттіліктері тұтынушыны қорғау туралы толық қанағаттандыруды 
қажет етеді. Келесі деңгей мойындау болып келеді. Бұл мәртебенің 
қажеттілігі және қоршаған ортаның қатынасы. Ең жоғары – қажеттілік-
тің өздігінен жетілуі және дамуы. Осы қажеттіліктердің барлығы тек 
қана бір адам үшін ғана емес, ол барлық ұйымға және үлкен қоғамға 
әсер етеді. 
Өнім деген ұғымды анықтап алу керек яғни ол, қызметтің
 
немесе 
үдерістің нәтижесі. Материалды немесе материалды емес объект бо-
луы мүмкін. Қазіргі замандағы сапаны басқару стандартында өнім 4 
категорияға жіктеледі:
– жабдықтар;
– бағдарламалық қамтамасыз ету;
– жасалушы материалдар (шикізат);
– қызметтер (көлік, білім, медицина, қоғамдық қоректену).
Өндірілетін сапа өнімінің деңгейінің жоғарылауы тұтынушы мен 
өндірушіге де тиімді. Тұтынушыға маңыздысы:
– қолдануға жарамды және айқын мезгілге сенімді бұйым;
– сапалы және дер кезінде техникалық сервис;
– бұйым сипаттамасына баға сәйкестігі.
Жалпы қоғамға қажеттісі:
– қоршаған ортаның аз ластануы;
– энергоресурстардың сақталынуы;
– әлеуметтік сұрақтардың шешімі.
Өнім өндірушілердің сапаны жоғарылатудағы назары неге шоғыр-
ланады:
– жаңа базарларға өз тауарын шығару, базар үлесін, сату көлемін 
кеңейту.
– технологиялық үдерістің жетіспеушіліктерін жоя отырып, 
өнімділікті жоғарылату, ақаулылық деңгейін төмендету;
– кепілдемелік қызмет ету кезеңіндегі шығындардың тәуекел 
төмендеуі;
– жоғары пайда табу.
Әзірлеушіге өндіруші өндіріс-шаруашылық қызметі сапа 
өнімінің анықтаушысы болады. Бірақ сапа деңгейін көтеру үдерісі 
тұтынушылардың ниеті де ескерілу керек. Бұл мақсат үшін әзірлеушіге 
мына шарттарды қажетті түрде орындау керек:
– тұтынушыларды табу және олардың өнімге талаптарын анықтау;
– техникалық шарттарға тұтынушы талаптарын қайта құру;


26
– өнімді даярлау технологиялық үдеріс кезеңдерін анықтау , үдеріс 
белгілерін істеп шығару;
– нәтижелер және тұтынушының қанағаттанушылық дәрежесін 
бағалау.
Жапон концепциясы сапаның 4 деңгейін анықтайды.
1-деңгей – стандартқа сәйкестігі.
2-деңгей – қолдану сәйкестігі. Өнім стандарттардың талаптарына сай 
болуға тиісті, сонымен қатар пайдалану талаптарына қанағаттандыру 
болып келеді. 
3-деңгей – базардың нақты талаптарына сәйкестік болуы. Сапаның 
жоғары және бағаның төмен болуы тиімді болады. Сапаның жоғары 
болуы бағаның төмен болуына өнімнің ақаусыз шығуына байланысты 
болады. 
4-деңгей – жасырылумен (жасырынмен) қажеттіліктерге сәйкес 
өнімді өтім жағынан алады, яғни жасырылу қажеттіліктерін еске алып 
отыру қажет. Тұтынушы өзіне не керек екенін ақырына дейін білмейді. 
Ол тек қана қызығушылығы мол зат көргенде ғана сол зат керек екенін 
біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет