31
Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты, ол адам
өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның ішінде жануарлар мен
өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін құру және саудада
қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау. Ол үшін:
– өнімнің ерікті стандарттарын міндетті техникалық регламенттер-
ден бөлу (өмір мен денсаулықты қорғауға қатысы барларын);
– ұлттық стандарттарды халықаралық
стандарттармен ең жоғары
деңгейде үйлестіру;
– сәйкестікті растау жүйесін ымырашылдандыру және әрбір мүмкін
жағдайда сәйкестікті ерікті растау сызбасын енгізу;
– тәуелсіз және ала аламайтын аккредиттеу жүйесін құру;
– Қазақстанның сәйкестік сертификатының шетелдік нарықта мо-
йындалуына қол жеткізу сияқты шаралар көзделеді.
Практика тұрғысынан Қазақстан Республикасының «Техникалық
реттеу туралы» Заңын қабылдауға қандай ішкі және сыртқы себептер
ұйытқы болғанын білу маңызды. Мұндай себептердің бастылары мы-
налар:
– бірінші жағдай – елдің техникалық заңдылықтарын дамыған
шетелдердің заңдылықтарына мүмкіндігінше жақын үйлестіру. Тек
қана осындай үйлестіру арқылы еліміздегі
бизнес қазіргі замандағы
экономикалық кеңістікке кіре алады және барлық болып жатқан
өзгерістерге дер кезінде құлақ асып, бәсекелестілікке дайын болуға ты-
рысады.
– екінші жағдайда – кәсіп иелерінің талпынысы мен азаматтық
бизнесіне мемлекет тарапынан қойылатын артық әкімшілік кедергілерді
болдырмау. Стандарттарда келтірілген санитарлық ережелер мен норма-
лар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б. өте көлемді және на-
шар реттелетін міндетті талаптар кәсіп иелерінің жұмысын шектейді.
Осы жағдайдан туындайтын мәселелерді шешудің басты бағыты −
тексеру жұмыстарының маңызды бөлімдерін реформалау, шаруашылық
іс-әрекеттерге қатысушыларға қойылатын
мемлекеттің міндетті та-
лаптарын инвентаризациялау. Қазақстан Республикасының Консти-
туциясы бойынша кәсіп иелерінің іс-әрекеттері тек қана Заң арқылы
шектеледі және Конституция нақтылы түрде
қорғайтын жағдайларға
қатысты жүргізіле алады. Осындай Конституция қорғайтын жағдайлар
– адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, жануарлар мен өсімдіктер
дүниесіне зиян келтірмеу.
Міндетті талаптарды үйлестіруге тырысу, жоғары деңгейдегі
нормативтік актілер арқылы кәсіп иелерінің қаржылық емес сипаттағы
міндетті талаптарын белгілеу қазіргі заманға тән дүниежүзілік
тәжірибеден туындайды. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында
32
келтірілген отандық техникалық реттеу жүйесі осы тәжірибені ескере
отырып құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: