талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқор келеді, үлкендер бақылауын әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында түсініспеушілік туғызады.Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардық істерімен масаттанады.Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру керек. Жеткіншіктер қоғамға пайдалы істерге ыңыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдерге көруге ынталы, спортты ұнатады.