«Наука и образование в современных реалиях»



Pdf көрінісі
бет10/143
Дата19.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#132450
түріСборник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   143
Байланысты:
6-.-

 
Библиографиялық тізім 
 
1.
Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі.-Астана.-2016. 
2.
Дене мәдениеті және спорт педагогикасы .Шымкент 2016 Омаров 
Б.С.Оқулық
3.
Дене тәрбиесі Астана-2017 Б.Тӛтенай.Оқулық
4.
Дене тәрбиесі мен спорт тҥрлерінің физиологиялық негіздері» 
Қорғанбаева З.С.Шымкент 2017.Оқу қҧралы


27 
МЕКТЕПТЕГІ СПОРТТЫҚ ҤЙІРМЕЛЕРДІҢ САПАСЫН 
ЖЕТІЛДІРУ 
Аға оқытушы Алайдаров И.Қ. 
студент Шалқар Д.Е. 
Шымкент университеті, Шымкент қаласы 
 
Аннотация 
 
Бұл ғылыми мақалада мектептегі спорт клубтарының сапасының 
жақсаруы сипатталған. 
Қазақстан Респупликасының әлемдік ӛркениетке, демократиялық 
дәстҥрге ӛту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған 
жалпы қҧндылықтар мҧрасына ден қоюы, рухани адамгершілік негізінде 
дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты ӛмір сҥру 
дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың ӛзектілігі артуда. Бҧл 
мәселе 
ел 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстан 
– 
2030» 
бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасы 
Білім және Ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған 
стратегиялық жоспарында» білім беру жҥйесінің басты міндеттерінің бірі 
ретінде кӛрініс тапқан. 
Білім беру жҥйесінің маңызды міндеттерінің бірідене тәрбиесі арқыл
ы салауатты ӛмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты 
кӛптеген қҧжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 
1998жылы 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік 
бағдарламасы, Қазақстан Республикасының ҥздіксіз білім беру жҥйесінде 
«Салауатты денсаулықты сақтау» бағдарламалары. 
Қазакстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қосымша білім 
беру азаматтардың, қоғамның мемлекеттің білімділік және мәдени 
қажеттіліктерін жанжақты қанағаттандыру мақсатында білім берудің 
қосымша дамыту бағдарламалары негізінде іске асырылатын тәрбиелеу 
және оқыту ҥрдісі деп кӛрсетіледі. 
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық 
бағдарламасында «Салауатты әрі гҥлденген экономика қҧрмайынша, біз 
қуатты мемлекет пен қарулы кҥштер қҧра алмаймыз, демографиялық, 
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның 
жеке басының қадір қасиеті мен әл ауқатын арттыра алмаймыз», деген 
болатын. 
Бҧл қҧжаттардағы негізгі мәселенің бірі дене тәрбиесі арқылы 
салауатты ӛмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі. Сондықтан да қазіргі 
мектептер мен мҧғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен ӛзгерістер 
туындап отыр. Бҧған себеп қазіргі кездегі жеке тҧлғаның қоғамдық
әлеуметтік мәні дене тәрбиесі назардан тыс қалмауы керек. Сондықтан да 
тек дене шынықтыру сабағымен шектеліп қалмай, оқушылардың дене 


28 
мәдениетін 
қалыптастыру 
мақсатында 
сыныптан 
тыс 
жҧмыстар 
ӛткізіп, спорттық клубтар мен спорттық ҧйымдар мен бірлесе әрекет етіп, 
ең бастысы мектеп ішінде оқушылардың қызығушылығын анықтай отырып 
спорттық ҥйірмелерді ҧйымдастыру және кәсіби маман жетекшілермен 
ҧйымдаса жҧмыс жасау қажет. Сонымен қатар оқушының дене мәдениетін 
қалыптастыру 
осы мектеп 
қабырғасынан 
басталатынын 
ҧмытпауымыз керек. Оқушыларымыздың жарқын болашақта ҥлгілі, дені 
сау азамат болып ӛсуі мектепте алған білімі мен тәрбиесіне байланысты 
екенін ҧмытпай, оқушы тәрбиесінде қателіктер жібермей,еңбек етіп 
оқушылармен кӛп жҧмыс жасап, олардың бос уақыттарын тиімді ӛткізу 
жолдарын қарастырып, қызығушылықтары мен кӛз қарастарын анықтап, 
оларға ҥнемі бағыт бағдар беріп, дҧрыс жолда жҥруіне, салауатты ӛмір 
салтын қалыптастыруына жағдай жасау мҧғалімнің оқушы алдыңдағы 
міндеті. 
Дене шынықтыру – спорттық ҥйірмелердегі дене тәрбиесін, жаңа 
технология мен озат тәжірибені ҧлттық және жалпыадамзаттық қҧндылық 
қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бҥгінгі кҥн талабынан туындап 
отырған міндеттердің бірі. Дене мәдениетінің мәнін бҥгінгі жаңа заман 
талабына сәйкес қарастыру – бҧл адамды ӛзі ӛмір сҥрген ортаның жемісі 
ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым – қатынасы 
әрекетімен кӛрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Дене 
мәдениетінің әлеуметтік және қоғамдық қҧбылыс есебінде дене тәрбиесі 
жҥйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның 
қызметі мен қҧрылымын танып білудің қажеттілігі білім мен тәрбие 
талаптарына сәйкес жалпы орта мектеп оқушыларының дене тәрбиесін 
жетілдіру ҥшін қажет. Дене мәдениеті тек мектептегі дене тәрбиесі 
сабағында ғана емес, ол сабақтан тыс уақытта денсаулыққа байланысты 
қажетті шаралар жҥйесі екенін ескерсек, қазіргі кезендегі жалпы мектеп 
дене тәрбиесінің жҥйесі мектеп оқушыларының денсаулықтарын нығайту 
мен қоса, олардың бойындағы биологиялық 
– психологиялық 
қажеттіліктердің жан – жақты жетілуіне, ӛмірге белсенді ҧстаным мен 
ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. 
Ӛсіп келе жатқан жас ҧрпақтың дене тәрбиесінің негізі мектепте 
қаланады. Бҧл жҥйе дене шынықтыру сабағы, сыныптан тыс спорттық 
ҥйірмелер,мектептен тыс жаттығулар мен жалпыға ортақ сауықтыру 
шаралары арқылы кешенді тҥрде жҥзеге асырылады. Оқушының дене 
шынықтыру мен спорттық ҥйірмелерге қатысты аса қажетті әдет – дағдысын 
қалыптастырып, ынтасын оятады. Осы жерде туындайтын негізгі мақсат – 
ӛмірлік маңызы зор дене қимылдарының іс – әрекетін еркін меңгерту ҥшін 
қажетті білім мен тәжірибелік дағдыларды оқушыларға ҥйрету; ондағы 
икемділік, кҥш – қуат, жылдамдық, тӛзімділік және ӛзге де қасиеттердің 
жетілуіне жәрдемдесу; бала денсаулығының нығаюына және дене 
мҥшелерінің қалыпты ӛсуіне, сонымен бірге ақыл – ой қабілеттерінің 
дамуына кӛмектесу; сауықтыру сипатындағы әр тҥрлі дене жаттығуларымен 
жҥйелі тҥрде ӛз бетінше айналысу дағдысын қалыптастырып, олардың 


29 
спортқа деген қызығушылығын тудыру. Ал осы тақырыптың тҥпкі 
мақсатына келер болсақ, оқушыларды белсенді ӛмір сҥруге, батылдыққа, 
табандылық пен шешім қабылдай білуге тәрбиелеу. 
Осы мәселелерді шешу барысында дене шынықтыру мҧғалімдерінің 
жҧмысы жан – жақты, әрі сан – саналы болып келеді. Ол әрі оқытады, әрі 
жаттықтырады және баланың денсаулығын, мінез – қҧлқын, қабілетін 
қадағалайды. Ең басты талап – қолға алған іске немқҧрайдылықпен қарамау, 
балаларды және ҧстаздық істі сҥйе білу, нақты педагогикалық 
кӛзқарастарды ҧстану, қиыншылықтан қорықпау. Ӛйткені, балалардың 
қазіргі талапқа сай келетін дене даярлығын жетілдіруге кӛмектесе алатын, 
істің мәнісін жетік біле отырып, олардың дене дамуына жәрдемдесе алатын 
бірден – бір қабілетті адам дене шынықтыру пәнінің мҧғалімі болып 
табылады. 
Сонымен, мектептегі дене шынықтыру спорттық ҥйірмелер және 
оларды ҧйымдастыру барысында тӛмендегідей қарама қайшылықтар 
айқындалады: мектептерде спорттық ҥйірмелердің аз болуы, ҥйірме 
ӛткізетін орынның жоқтығы, ҥйірмеге қажетті қҧрал жабдықтардың 
жетіспеушілігі, олардың заманауи технологиялармен жабдықталмауы,кәсіби 
мамандардың жетіспеуі сияқты тағы да басқа ҥйірмені ҧйымдастыруға керек 
қажеттіліктердің болмауы проблемаларын анықтай отырып, курстық 
жҧмысымның тақырыбын «Дене шынықтыру спорттық ҥйірмелер және 
оларды ҧйымдастыру жолдары» деп таңдауға негіз болды.
Дене шынықтыру мен спорттық ҥйірмелерді ҧйымдастырудың негізгі 
ерекшеліктері мынадай: 
1.
Дене 
шынықтыру 
спорттық 
ҥйірмелер 
ерікті 
тҥрде 
ҧйымдастырылады. Ҥйірме мазмҧны мен тҥрлері оқушылардың 
қалауына және мектептің жағдайына байланысты қҧралып, 
оқушыларға ҥйірме тҥрлерінің мҥмкіндігі беріледі. 
2.
Спорттық ҥйірме әкімшіліктің дене тәрбиесі мҧғалімі мен мектептің 
басқада педагогтардың тҧрақты бақылауындағы ҧжым кеңесімен, 
оқушылардың қоғамдық белсенділігіне орай қҧрылады. 
3.
Спорттық ҥйірме жҧмыс барысында педагогикалық басшылық әртҥрлі 
мазмҧндағы жҧмыстарға оқушылардың қатысу ынтасын кӛтеретіндей 
әдістемелі және кеңес ҧсыныс сипатындағы пайдалы шараға 
айналады. 
Тәуелсіздік алғалы бері республикамызда ӛзіндік дене шынықтыру жҥйесі 
қалыптасқандықтан, дене тәрбиесі мәселелерін жақсарту мәселелері 
шешімін тауып, халықаралық деңгейде ҥлкен жетістіктерге жетіп келеміз. 
Қазақстандық жҥйенің тиімділігі кӛптеген факторлар арқылы анықталады, 
олардың арасында спортшы тҧлғасының іргетасы қаланатын жалпы білім 
беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесін қҧру және оның мазмҧнын 
жақсарту маңызды рӛл атқарады. 
Спорттық ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерде 
оқушыларды 
жалпы білім
беретін мектептерде оқытудың 
шарттары, 
қҧралдары мен әдістері ҧсынылған. Басты назар дене шынықтыру спорт 


30 
тҥрлері бойынша оқу материалын топтастыруға аударылып келеді. 
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде дене 
шынықтыру бойынша оқушы немесе сыныптың қозғалыстары мен 
қимылдарының сыртқы сипатын ғана емес, ойын шарттарын негізге ала 
отырып, оқу материалдарының бастысы мен екінші дәрежелісін анықтауға 
деген жаңа кӛзқарастарды негіздеу талпыныстары бар. Дене тәрбиесі 
жҥйесін жетілдірудің маңызды шарттарының бірі оқушылардың типтік-
ерекшелік және дара ерекшеліктерін ескеру арқылы оқу-тәрбие ҥдерісін 
дараландыруды іске асыру балып саналады. 
«Жалпы білім беретін мектептерде оқу ҥдерісін басқарудың ғылыми-
педагогикалық салалары» деп аталатын 1.1 бӛлімшесінде мектептегі оқу 
жҧмысының негізіне бҧқаралық жастар спорты мен жоғары спорттық 
жетістіктердің нәтижелерін дамытуға бағытталған кӛп жылдық даярлықтың 
ғылыми негізделген жҥйесі жатады. Оқу ҥдерісі бастауыш, орта және 
жоғары сыныптардың оқу ҥдерісінде іске асырылады.[7] 
Сыныптағы оқушылар саны, аптадағы сабақтар саны және олардың 
ҧзақтығы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 
бағдарламалық–нормативті қҧжаттары арқылы белгіленеді. Мектептегі 
негізгі жҧмыс тҥрлері топтық сабақтар, сҧхбаттар, ҥй тапсырмалары, 
спорттық ҥйірмелер иен жарыстарға қатысуы, сонымен қатар жалпы білім 
беретін мектептерге спорттық ҥйірмелер мен жарыстар және сабақтар 
ҧйымдастыруда кӛмек кӛрсету болып табылады. 
Спорттық ҥйірменің 
арнайылығы 
мен 
оның
бағыттылығының 
ерекшелігіне сәйкес оқу-тәрбие процесін ҧйымдастырумен, жарыстарды, 
атап айтқанда, ҥйірмені ҧйымдастырудың тҥрлі әдістерін қолданумен: 
фронталды, топтық, жеке-дара, жаттығуларды тҥрлі әдістерін: бір мезетті, 
кезекпен, аралас орындаумен ҥйлесуі тиіс. Жалпы алғанда осы процестің 
ҧйымдастырушылық негізі, әрбір сабақты ҧтымды қҧруды қамтамасыз 
ететіндей, оқушы - әрекетінің барлық қырын толыққанды бақылай 
алатындай етіп, жолға қойылуы тиіс. 
Дене шынықтыру спорттық ҥйірменің бағдарламасында: 

Оқушыларға жан – жақты тиянақты білім беру; 

Дене мҥсінің жалпы дамуы мен қозғалыс даярлығын жетілдіру; 

Сабақтың білімділік және нҧсқаулық, бағытын нығайту; 

Дене тәрбиесімен ӛз бетінше шҧғылдануға қажетті дағдылар 
мен икемдіктерді қалыптастыру қарастырылған. 
Дене шынықтырудың психологиялық ерекшеліктері ең алдымен оның 
денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-әрекет болуында. Бҧл процесте 
әрекеттердің бәрі ең соңғы кезеңге, қорытынды нәтижеге бағытталған 
ерекшелігінде. Әдетте дене мәдениеті адамның қалыпты қажеттігі. Дене 
шынықтыру мен ҥйірме сабағы – оқушылардың ӛздерін іс-әрекетте кӛрсете 
білуі. Әрқандай нақты іс-әрекеттегідей, дене тәрбиесі сабағында 
оқушылардың барша қасиеттері икемділіктері мен қимыл-қозғалыстары, 
ептіліктері мен сапалары қатысып кӛрініс береді. Әртҥрлі жаттығу 


31 
жасағанда соған сай: қимылдардың қолданымын таба білу қажет және 
оқушылардың міндеті сол әдістерді қолдану тәсілдерін игеру. 
Сонымен, жеке тҧлғаның дамуы - ӛз мҥмкіндіктерін ҥздіксіз кеңейтіп, 
қажеттіліктерін арттырумен байланысты. Даму деңгейі жоғары болған адам 
ӛзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді қҧндылықтарымен 
ерекшеленеді. Дене тәрбиесі сабағында кҥрделі жаттығулар орындаудағы 
қиыншылық, кедергілердің шешімін табуды әр оқушы қажыр-қайратымен 
ерік-кҥшін жҧмсап, ӛз әдіс, тәсілдерін табуы мҥмкін. Осыдан жеке тҧлғаны 
танып, білу ҥшін оқушының кӛзқарасын, ӛмірлік міндеттерін, оларды іске 
асыру жолдары мен ӛмір барысында ҧстанған принциптерін дҧрыс бағытқа 
бҧру қажет.[8] 
Оқушылардың 
дене шынықтыру мен спорттық ҥйірмелерге 
қызығушылығын негізгі ҥш компонент бойынша айтуымызға болады: 
1.
Мотивациялық – еріктік: дене шынықтыру мен спортқа 
қызығушылығы; 

мектеп оқушыларының денсаулық денгейін кӛтеру ҥшін дене 
шынықтыру қҧралдарын пайдалануды кӛздеу; 

дене шынықтыру қҧралдарын пайдаланудың маңыздылығына 
сенімділігі; 

заманауи 
дене 
шынықтыру 
қҧралдарын 
қолдануға 
қызығушылығы; 

дене шынықтыру және спорт арқылы ӛз денсаулығын нығайтуға 
сенімділігі; 

дене шынықтыру мен спорттық ҥйірмеге қызығушылығында 
белсенділіктің қалыптасуы. 
2.
Мазмҧндық – операциялық: оқушылардың дене шынықтыру мен 
спортқа қызығушылықтарын қалыптастыру ерекшеліктері; 

оқушылардың 
дене 
шынықтыру 
мен 
спортқа 
қызығушылықтырын қалыптастырудың психологиялық – 
педагогикалық негізі; 

дәрігерлік – биологиялық ілімдер; 

мектеп оқушыларының дене мәдениеті бойынша білімдері. 
3.
Рефлекциялық – бағалау: дене шынықтыру мен спорттық ҥйірме 
тҥрлеріне қызығушылығын сараптау; 

ӛзіндік қызығушылық қҧндылықтарын талдау; 

дене шынықтыру және спорт тҥрлері бойынща ерекшеліктерінің 
сәйкестілігі; 

дене шынықтырудың және спорттық ҥйірменің іс – әрекеттерін 
ҧйымдастырушылық тҧрғыда сараптау;[9] 
Жалпы мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру ҥшін 
мынадай іс – әрекеттер атқарылады: 

денсаулықты нығайту, қалыпты денені шынықтыруды дамыту; 

дене шынықтыру және спорт саласында қажетті білімдерді 
игеру; 


32 

ӛмірлік 
мәнді 
қозғалыс 
қабілеттері 
мен 
дағдыларын 
қалыптастыру; 
Н.Ә.Назарбаев ӛзінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және 
саяси жедел жаңару жолдауындағы «ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен 
кәсіптік даярлау бӛлімінде: «ХХІ ғасыр білімін дамыта алмаған елдің 
тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиясы және 
ғылыми қамтылуы, ӛндірістер ҥшін кадрлер қорын жасақтауымыз қажет. 
Осы заманға білім беру жҥйесінде әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай 
білетін, осы заманғы басқарушыларсыз біз иновациялық экономика қҧра 
алмаймыз. 
Дене тәрибесі – мектептегі оқу-тәрибе ісінің маңызды бӛліктерінің бірі 
болып табылады және оқу-тәрбие ісінің міндеттерін, атап айтқанда дене 
тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасының кӛрсетілген міндеттерінің 
табысты тҥрде шешуге жәрдемдесуді алдына мақсат етіп қойды. 
Дене тәрбиесі арқылы жҥргізілетін жҧмыстар мектептік оқу жоспары 
арқылы алынатын білім, білік, дағдыларын тереңдетуге, оқушылардың 
денсаулығы мен денесінің жан-жақты даму деңгейін ӛсіруге, спортпен 
жҥйелі тҥрде айналасуға деген қызығушылықтарын арттыруға тиіс. 
Дене тәрбиесі мен спорт бойынша жҥргізілетін жҧмыстар, елімізге 
деген сҥйіспеншілік пен адамгершілікті қалыптастыруы тиіс. Мектептегі 
дене тәрбиесі жҧмыстары – еліміздегі дене тәрбиесі қозғалысының бастапқы 
буыны және оның бір бӛлігі болып табылады, онымен барлық жағынан ӛте 
тығыз байланыста болады. 
Дене тәрбиесінің дамуы- спортты мойындау, яғни спорт – дене тәрбиесі 
жҥйесіндегі негізгі қҧралдардың бірі болғандықтан, оқушылар онымен 
айналыса отырып, ӛзінің денесін жан-жақты жетілдіру ісін жалғастырады 
және жоғарғы спорттық кӛрсеткіштерге жетуге талаптанып, дене 
жаттығуларының кейбір тҥрлеріне маманданады. 
Сонымен қатар оқушылар бойын тәртіпті, кӛпшіл болуға, мінез-қҧлық 
мәдениетін, жауапкершілікті және адамгершіліктің ӛзге де белгілеріне 
тәрбиелейді, оқушылар бойында кҥш, ептілік, тӛзімділік секілді моральдық-
ерік сапаларын қалыптастырады.Олардың бойындағы патриоттық сезім, 
яғни ӛз халқын, ҧлтын мақтан тҧту, жат қылықтарға тӛзбеу, намысшыл, 
салт-дәстҥрді қастерлеу оны білуге қҧштарлануы, ӛз достарына, ҧстазына, 
мектебіне деген сҥйіспеншілікке болуы, еңбекқор т.б. Қорыта айтқанда жан-
жақты жетілген, білімді, білікті азамат болуға тәрбиелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет