мойыны топырақтан көтеріліп, тамыр жүйесі ашық болса,
қосымша топырақ себеміз. Көктемде көшеттерді барлық тамыр
жүйесін қамтитындай жақсылап, жүйелі суарамыз.
Кеш күзде және қыста сәнді және қылқанды ағаштарды
отырғызу кезінде барлық талаптарды мұқият сақтау қажет. Аязға
төзімсіз түрлердің (жылтыр және жұқа қабықты) дің бөлігін (діңі
мен бұтақтарын) мүшекпен қаптап қоямыз. Бұл оларды қысқы
қатты аязы мен көктемгі күннің күйдіруінен сақтайды. Қылқанды
ағаш түрлерін (туя, арша, самырсын, шырша) көктемгі күннің
күйдіруі мен қалың қардан, үскірік аяздан қорғау үшін барлық
дің бөлігін мүшекпен немесе тығыз қағазбен орап, сыртын
жұмсақ жіппен байлап шығамыз.
Достарыңызбен бөлісу: