Жетіген Жетіген – жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан
құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген жүздеген
жылдар өтсе де, баяғы күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек
байланған. Арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні құлаққа жағымды. (33
сөз)
«Ұлттық аспаптар» кітабынан
1.Мәтіннен сан есімдерді тапқызып, астын сызғызу.
Шоқан Шоқан – қазақ халқының шоқ жұлдызы. Ол – суретші, өнер зерттеуші,
тарихшы, саяхатшы.
Суретші Шоқан таңбалы тастар мен тас мүсіндерге көңіл бөлген.
Шоқанның еңбектері қазақ халқының алтын қазынасы болып табылады.
Олар ғасырлар бойы жасай бермек. (34 сөз)
С. Мұхтарұлы
1.Туынды сөздерді тапқызып, сөздік құрамына талдыту.
Көктем. Көктем келді. Қыраттың күн беткейіндегі қар ери бастады.
Оңтүстіктен жылы жел соқты. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауа
бастады. өзенде сең жүрді.
Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден көк шөп көрінді. Ағаш
бұтақтарында бүршіктер пайда болды. (37 сөз)