22
Жасыл теңіз тасбақасының
өмірлік саяхаты
Құмның бетіне шығу
Бұл тамыз айының жұлдызды түні болатын. Жұмыртқалары бар ұя
Коста-Рика жағалауынан 60 сантиметр тереңдікте құмда көмілген.
Ұяның ішінде жасыл теңіз тасбақаларының 100-ден аса жұмыртқалары
бар, олардың əрқайсысының көлемі гольф добымен бірдей.
Теңіз тасбақасы балапандарының бірі қозғалып, жұмыртқасынан
шыға бастайды. Ол жұмыртқасының қабығын тұмсығының үшкір
ұшымен жарады.
Теңіз тасбақасының баласы құмның астында көмілсе де,
еркіндікке шығады. Аз уақытта ұяның іші қимыл-қозғалысқа толады.
Тасбақаның баласы жоғары қарай шығу үшін жүзбе қанаттарын
қолданады. Құмның бетіне шығу бір тəуліктен астам уақытты алуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: