34
болғандықтан, тірі қалған жылқылардың терілері жəне жүндері қалың,
əрі ұзын.
Сонымен қатар, жылқылар азықтарын өздері тауып жеу керек
болды. Қыста азық табу қиын; олардың аздығынан исландиялық
жылқылардың ұзындығы қысқарды. Олардың аяқтары мен мойындары
да қысқарды. Бүгінде, исландиялық жылқылар əлемдегі ең қысқа
жылқылардың бірі болып саналады.
3 Жуас мінезді
Негізінде исландиялық жылқы жабайы табиғатта еркін өсті. Бұл
жылқының жуас мінезін қалыптастыруға көмектесті.
Қоныстанушы викингтер кезінен бастап, құлындар немесе жас
жылқылар адамдардың қамқорлығында сирек болды. Олардың
көпшілігі сыртта, шөпті далада туып, алғашқы айларында енелерінің
артынан еріп жүрді. Содан кейін, жас жылқылар үйірлерге қосылып,
еркін жайылды. Олар үйірде тіршілік етуге бейімделіп, бір-біріне
үйренеді. Олар жабайы табиғатта еркін тіршілік етеді жəне нақты
жаулары болмайды. Исландияда туған жылқылар тебу мен тістеуді
білмейді.
Достарыңызбен бөлісу: