толық
шеш
i
лген
,
жартылай
шеш
i
лген
және
ше
-
ш
i
лмеген
болады. Әлеуметтiк психологиялық зерттеулерде кең
тараған
эмоционалдық
және
i
скерл
i
к
дау-дамайлар бар. Дау-да-
майлардың көрiну формасына байланысты:
ашық
,
латентт
i
және
потенциалдық
.
Бүгiнде әлеуметтiк дау-дамайлар туралы
классикалық концепциялар кеңiнен қолданылады. Олар: Л. Кренс-
бергтiң «әлеуметтiк дау-дамай», Р. Дарендорфтың «қоғамдық
дау-дамайлық моделi», сонымен қатар Л. Козердiң, К. Боул-
дингтiң, Д. Доллардтың, Дж. Бартонның теориялары.
Негiзiнен алғанда дау-дамай субъектiнiң әлеуметтiк жүйемен
қарым-қатынасының дамуына септiгiн тигiзетiн алғышарттар-
дың бiрi болып табылады. Сондықтан қоғам, әлеумет дау-да-
майсыз бола алмайды. Осыған орай дау-дамайдың
позитивт
i
және
негативт
i
қызметтерi болады. Дау-дамайдың зерттелiп
жатқан негiзгi түрлерiнiң бiрi –
тұлғааралық
дау
-
дамай
. Ол –
индивидтер арасындағы қарым-қатынас формасының бiрi. Бұл
дау-дамайдың терең зерттелуiне зор үлес қосқандар: М. Дейч,
Г. Макклинток және т.б.
Басқару
–
уақыттың тапшылығы, шамадан тыс ақпарат, тұ-
рақсыз жұмыс күні, билік пен бағыныштылардың тұрақты қы-
сымымен сипатталатын жұмыстың ерекше күрделі формасы
болып табылады. Аталмыш жағдай басқарушы қызметінде стрес-
стерге, қақтығыстар мен дағдарыстарға жол беретіндігіне ешкім
шүбә келтірмейді. Сондықтан да басшы қызметіндегі тұлғаның
денсаулығы, басқару іс-әрекетіндегі стресстер мен дағдарыс мә-
селелері көп көңіл бөлуді қажет етеді.
Күйзелісті жағдай қауіпті болумен қатар, адам ағзасының
бұзылыстарға жүрек-қантамырлары, аллергиялық, иммундық
және басқа да аурулардың туындауына себепкер. Осынымен қа-
тар адамның еңбекке жарамдылығы, өмірлік және шығарма-
шылық белсенділігі төмендейді. Себепсіз шаршау, пассивтілік,
433
ұйқысыздық немесе ашуланшақтық, барлық әлемге көңілі тол-
мау – күйзелістің белгілері. Осы жерде бұл жағдайға бір нәрсе
жасауға бола ма деген сұрақ туындайды. Күйзелісті айналып
өтуге бола ма?
Бұл сұраққа жауап міндетті түрде кері. Күйзелістен мүлдем
құтылу мүмкін емес. Себебі олардың табиғаты – рефлекторлы.
Бұл ағзаның қолайсыз жағдайларға автоматты түрде жасалатын
реакциясы. Бұл адамның табиғи қорғанысы. Оны өшіру – адам-
ның өмірін жоюымен, сыртқы ортаны сезіне алмайтындай етуі-
мен пара-пар.
Басқару психологиясы бойынша аталған мәселелерді өмірлік
жайттармен байланыстыру мақсатында, яғни теориялық негізде-
рін практикамен ұштастыру үшін оқу құралында қолданбалы
бөлім ұсынылған. Онда басшылық өзіне, қол астындағы маман-
дарға, топтық үрдістерге және құбылыстарға байланысты дұрыс
шешім қабылдауға бағыттайтын, олармен жақынырақ танысуға
мүмкіндік беретін бірнеше сынақ әдістері мен әдістемелер, тест-
тер орын алады. Сонымен қатар танымал экспресс-диагностика
бойынша басшы тұлғасының кәсіби қасиеттеріне арналған әдіс-
темелер ұсынылады. Басшы тұлғасының кәсіби маңызды қасиет-
терін анықтауға арналған әдістемелер бойынша: «Әлсіз басшы-
лардың белгілері», «Бағынушыларды жазалаудың жеті ереже-
сі», «Менеджерлердің сегіз типтік қателіктері (Э. Шварц пен
А. Маккензи бойынша)», «Басшыңыздың кім екенін айтыңыз, ...
бұл сізге қалай әсер ететінін біліп аласыз», «Жетекші стилі»,
«Басшы қызметіндегі адамдардың типтері», «Басшының басқару
стилін өзіндік бағалау», «Тұлғаның шығармашылық әлеуетінің
деңгейін бағалау», «Басқару біліктілігін анықтауға бағытталған
әдістеме (И.А. Аглуллинаның авторлық тесті)» қарастырылады.
Оқу құралы, бірінші кезекте, түрлі сала бойынша басшылық
қызметте жұмыс жасап жүрген тұлғалар мен болашақта осы
сала бойынша үлкен жетістікке жету бойынша алдына мақсат
қойып, сүбелі еңбек етіп жүрген болашақ мамандар (студенттер,
магистранттар, PhD докторлар), басқару психологиясы саласы
бойынша қызығушылық танытып жүрген оқырмандарға арна-
лады.
434
Достарыңызбен бөлісу: |