ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
https://vk.com/mega_education
60
D)Үндістан
E)Германия
5. «Құпиясы мол гүл» деген сипатқа лайық
A)Қызғалдақ
B)Раушан
C)Дицентра
D)Сакура
E)Орхидея
6. Қызғалдақтың отаны
A)Жапония
B)Ресей
C)Франция
D)Германия
E)Қазақстан
І.
Еліміздің әр қаласында театр бар. Бір Алматының өзінде 10 мемлекеттік
және он шақты жекеменшік театр бар екен. Ал осы мәдениет ошақтарына
оқушыларымыз барып жүр ме? Қазір театрға көрерменді
көбіне әкімшілік жолмен
жинайтыны жасырын емес. Ал егер балаларға арналған қойылымдарға көрерменді
арнайы жинап әкелмесе ше? Қанша адам келер екен?
Театрдағы көрермен мәселесі төңірегінде Астана қалалық «Жастар»
театрының әдеби қызметкері Назерке Жұмабайды әңгімеге тартқан едік.
− Қазір театрға балалар өз еріктерімен келеді дей алмаймын. Әрдайым
ұйымдастырумен жинаймыз. Әсіресе, қуыршақ театрларына қазақ балаларының
қызыққанын көрмеппін.
ІІ.
Баланың таным-түйсігін кеңейтуде қуыршақ
театрларының алар орны
үлкен. Бізде де, өзге елдерде де балабақша жасынан бастап, бүлдіршіндерге
қуыршақтармен көрініс қою бағдарламаға енгізіледі. Аты солай аталып тұрған соң,
бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай
емес. Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті,
еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды.
Бірақ осы қуыршақтар әлеміне қазақ балаларының
көптеп ағылып жатқанын
байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200
адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша
қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы,
алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары
кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға
тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген
түсінік қалыптасқан.
ІІІ.
Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб Әмірліктерінен
Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек
қазақ баланы сөзге
тарттым. «Ал, арабтардың әмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол
кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар
айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар,
дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын