ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
https://vk.com/mega_education
102
19-НҰСҚА
Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ
нәрлі
суымен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені
әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ... Біз де сүйек, еттен
жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған
емес, бірақ біздің жүрек – отты жүрек.
Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай
жандыратын от. Біздің жүрегімізде қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір
жарық, - ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы -
махаббат, өмір тасы - халық, ел намысы - ер қолында. Біз намысты елдің ұлымыз.
Жеңілмес күшіміз сонда. (94 сөз)
Бауыржан Момышұлы
1.Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не?
A)Айнабұлақ
B)Махаббат
C)Жүрек
D)Мыңбұлақ
E)Намыс
2.Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр?
A)Ерлік пен еңбек – егіз
B)Талапты ерге нұр жауар
C)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас
D)Атадан
ұл туса игі, ата жолын қуса игі
E)Ерлік тәрбиеден туады
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі
125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі
қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз
болады. Құлжасының мүйізі ірі,
бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте
қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның
оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім,
аязға өте төзімді жануар.
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың
арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем
мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-
15-тен топтанып жүреді.Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз
туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс.
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-
жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан
Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен
будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды
арқар-меринос қойын
шығарды. (166 сөз)
(Интернет материалдарынан)
3.Арқардың негізгі жауы нелер?