Байланысты: O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 360
3.Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал,
әсершіл. Олардың көбі тумасынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы
жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі.
Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн.
4.Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық
тән.
5.Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп
ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты
қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді.
6.Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін
айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай,
мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық,
ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз
оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып
өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы,
өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою
– өте жауапты іс. Сонымен қатар әр бір ата-ана өз баласының бақытты, табысты
болуына және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады. (267 сөз)
7. Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек?
A)Сөздің жаңалығын
B)Әріптердің санын
C)Сөздердің тіркесуін
D)Есімнің дыбысталуын
E)Есімнің әдемілігін
8. Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады?
A)қыста
B)көктемде
C)жазда
D)барлық мезгілде
E)күзде
9. Үшінші бөлімге сәйкес қандай есімдер қоюға болады?
A)Жамал, Ақылгүл
B)Дана, Сабыржан
C)Қымбат, Әсем
D)Жібек, Меруерт
E)Қайсар, Батырхан
10. Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді?
A)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн.
B)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн.
C)Есімнің мағынасына назар аударған жөн.
D)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн.
E)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн.
11. Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы?
A)Қыс-жаз