Байланысты: O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 511
Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан
болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган – ханның күйеу баласы)
атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс
ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші
болып Ұлы Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның
орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау
көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін
құлатты. Бұл, тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды.
Осының арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра
алғаны айтылады.
7.Үзіндіден Әмір Темірдің қандай қасиетін көруге болады?
«Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»
A)Ақылды
B)Саясаткер
C)Көріпкел
D)Батыр
E)Білімді
8.Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді?
A)Белх билеушісі болғандықтан
B)Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен
C)Жошы ұрпағымен отбасын құрғандықтан
D)Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен
E)Түрік қағанатын басқарғандықтан
9.Мәтіннің стилі қандай?
A)Публицистикалық стиль
B)Ауызекі сөйлеу стилі
C)Ғылыми стиль
D)Көркем әдебиет стилі
E)Ресми іс-қағаздар стилі
10.Әмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан?
A)Таққа отырған жерінде
B)Басып алған жерінде
C)Қайтыс болған жерінде
D)Жорықта жүрген жерінде
E)Туған жерінде
11Әмір Темірге неліктен Ақсақ Темір аты берілген?
A)Соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан
B)Аяғы кем болып туылғандықтан
C)Егде шағында соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан
D)Дұшпандары жек көргендіктен
E)Соғыс кезінде аяғына оқ тигендіктен
12.Мәтінге сәйкес орыстар неліктен жер көлемін ұлғайтып, үлкен мемлекет
құра алды?