Байланысты: O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 520
B)Мың асауға бір тосу.
C)Ерді ел теңгерер.
D)Жамандық қөрмей жақсы болмас.
E)Туған жердей жер болмас.
2.Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған.
A)қыздар туралы
B)кітап туралы
C)аспап туралы
D)ән туралы
E)би туралы
Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа
келген мысық оған тыныштық бермепті.
Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ
табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа:
– Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп
жүрсің? – дейді. Мысық тәкаппарлана:
– Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! –
дейді.
Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта
тығылып жүретін болыпты.
Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай
кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып,
ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген
сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін
болыпты.
3.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.
A)Тату-тәтті өмір
B)Мысық пен тышқан
C)Ұйқышыл мысық
D)Жаңа дос
E)Қулығын асырған тышқан
4.Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай
A)Ептілігі
B)Шыдамдылығы
C)Тапқырлығы
D)Батылдығы
E)Шапшаңдығы
5.Тышқанның дұшпанын анықтаңыз
A)Батыл
B)Айлакер
C)Өркөкірек
D)Жалқау
E)Мақтаншақ
6.Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.