Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Хазіреті Әбу Бәкірдің құптауы



Pdf көрінісі
бет146/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Хазіреті Әбу Бәкірдің құптауы
Меккеліктер арасында көңілдері Исламға бұра тартқанмен, Миғраж 
оқиғасына күмәнмен қарағандар да бар. Осы таңғажайыпты ести сала олар 
жұбын жазбастан Хазіреті Әбу Бәкірге келді: 
"Уа, Әбу Бәкір! Жан жолдасың Мұхаммедтен (с.а.у.) хабарың бар ма? 
Ол бүгін түнде Ақса мешітіне барғанын, көкке көтеріліп намаз қылып, 
Меккеге қайта оралғанын айтады", - деді. 
Хазіреті Әбу Бәкір: 
"Осының бәрін Мұхаммедтің (с.а.у.) өз аузынан естідіңдер ме?" 
Келгендер: "иә" деп жауап берді. 
Хазіреті ӘбуБәкір: 
"Уаллаһи, егер ол айтқан болса, шәк келтірулерің орынсыз. Оның 
сөзінде зәредей күмән болуы мүмкін емес, маған сеніңдер", - деді де, сол 
бойда Расулаллаһқа барды. 
"Уа, Расулаллаһ! Сен халыққа бүгін түнде қасиетті Ақсаға барып 
келгеніңді хабарладың ба?" - деп сұрады. 
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) "иә" деуі мұң екен, Хазіреті Әбу Бәкір: 
"Сен айтсаң - шындықты айтасың. Мен сенің Аллаһтың хақ елшісі 
екеніңе куәмін", - деді. 
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.):. 
"Әзіз досым! Сенің сыддық екенің онсыз да мәлім", - деді. 
Сол күннен бастап Хазіреті Әбу Бәкірдің атына «Сыддық» сипаты 
қосыла аталатын болды... Сыддық - шүбәсіз растаушы дегенді білдіреді... 
Исра сүресінде (9-12) Миғраж жайлы баяндалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет