394
Әбу Бәкір қажылық тәртібін түсіндіріп хұтба оқиды. Реті келгенде Хазіреті
Әли өзіне жүктелген міндетті орындайды. Сөзінің аяғын:
"Мен төрт мәселені ашық жариялауға келдім:
Бірде бір кәпір жұмаққа кіре алмайды.
Мұнан былай бірде бір мүшрік қажылық жасамайды.
Қағбаны жалаңаш тауап етуге қатаң тыйым салынады.
Кімде-кімнің Расулаллаһпен
келісімі болса, мерзімі біткенше шарт
сақталады.
Төрт ай уақыт беріледі, сонан соң мүшрік
атаулы қамқорлықтан
дәметпесін", - деп аяқтайды.
Осы сөздерді Хазіреті Әли мен оған ере келген Әбу Хурайра жиі-жиі
халыққа ескертеді.
Қажылықтарын өтеп Хазіреті Әбу Бәкір бастаған сахабалар аман-есен
Мәдинаға оралады.